Қарауылдық қызметті ұйымдастыру - Алғашқы әскери дайындық - Басқа пәндер - Каталог файлов - Сабақтар, презентация, флипчарт, ҰБТ, МАБ, Рефераттар
Сенбі, 03.12.2016, 16:39
Приветствую Вас Қонақ | RSS
Главная | Каталог файлов | Регистрация | Вход
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Тарих [32]Технология [6]
Биолоия [14]Информатика [14]
Қазақ тілі [6]Музыка. Бейнелеу [3]
Химия [7]Алғашқы әскери дайындық [9]
Руский язык [5]ҰБТ/ МАБ тестер [33]
Бастауыш сынып [9]Физика [22]
Экономика, құқық негіздері [7]Олимпиада тапсырмалары [6]
Математика [20]Дінтану [4]
Корзина
Ену

Ілмектер
Полигон ҰСТАЗДАР күні! жер cпорт математика Тест Алғашқы әскери дайындық мұғалім сабақ 5-11 сынып химия ұстазға көмек Өзін-өзі тану http://yadi.sk/d/7MPPn7vq08uSd информатикадан сабақ жоспарлары Сабақ жоспар сабақ жоспарлары поурочные планы по физике Астана қысқа мерзімді жоспар омж 7 сынып Географиядан кыска мерзімді жоспар әліппе орта мерзімді жосп әдебиеттік оқыту ашық сабақ 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ адам қоғам ЖОСПАР орта мерзімді жоспар құқық планы на казахском языке арзан сабақ жоспар сату информатикадан кембридж бағдарламасы сабак жоспар 5 сынып 5-9 сынып поурочный план сабак жоспарлар ЕНТ Бастауыш сынып Желтоқсан көтерілісі Тәрбие сағат Тарих ҰБТ Қазақ тілі 20 жылдық МАБ Күнтізбелік жоспар география 12-жылдық Абай Онлайн электронды сабақ ЭКОЛОГИЯ Тәрбие ұстаздар күні туризм Бақылау жұмысы Қазақстан тарихы «Квадрат теңдеулер» биология Сабақ жоспарлар оқушы мектеп ұстаз жоспарлар ашық сабақтар физикадан сабақ жоспары 5 сынып Қазақстан тарихы сабақ жосп технология пәнінен сабақ жоспарлары 6-7 сыныптан технологиядан сабақ жо 8 сыныптан технологиядан сабақ жосп 9 сыныптан технологиядан сабақ ж 5 класс поурочные планы по физике 7 класс 10-10 класс 8 класс 9 класс 6 класс жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу қысқа орта мерзімді жоспар 1 сынып дүниетану сабақ жоспарлар сайты 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ информатика қмж Ілмек: орта мерзімді жоспар БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ 6 сынып Қазақ тарихы 7 сынып тарих 8 сыныптарих по истори
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 1
    Қонақтар 1
    Пайдаланушылар 0


    .
    Главная » Файлы » Басқа пәндер » Алғашқы әскери дайындық

    Қарауылдық қызметті ұйымдастыру
    26.10.2009, 13:56

     Мақсаты: ҚР Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысымен таныстыру. Жарғының әскери қызметшілердің қызметіндегі маңызын ұғындыру. Оқушыларды қарауыл құрамымен таныстырып, міндеттерін білу.

    Қарауыл, пост, сақшы анықтамаларын беру арқылы  оқушыларға қарауылдық қызметтің жоғары қырағылықты қажет ететін  жауапты әскери қызмет екендігін түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

    Оқушыларды Отанымыздың шекарасын, жауынгерлік туды, аса маңызды әскери және мемлекеттік объектілерді қорғауға дайын болуға және еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.

    Сабақтың барысы

    1.       Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

    А)  Взвод басшысының баяндамасын қабылдау, жеке құрамның сабаққа дайындығын тексеру;

    Ә)   Сап элементтерін тексеру;

    2.  Үй тапсырмасын тексеру: Саптық жарғы, Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғылардың анықтамасын мағынасы

    1-слайд саптық жарғы

    2-слайд  Ішкі қызмет жарғысы

    3- слайд Тәртіптік жарғы

    2.     Негізгі бөлім:  Жаңа тақырыпты хабарлау (4-слайд)   

    Бірінші оқытылатын сүрақ        минут.  (қарауыл, сақшы анықтамасы, құрылымы)

    Әскери және мемлекеттік объектілерді сенімді күзету мен корғау үшін карауыл кызметі тағайындалады. Карауылдык кызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке кұрамын осы Жарғының барлык ережелерін дәл орындауды, мейлінше тыңғылықты, батыл шешімді бастамшылықты  талап етеді.

    Қарауылдық кызмет талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе кылмыстык жауапкершілікке тартылады.

    5-слайд (кесте қарауыл құрылымы)

    Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ак гауптвахты және тэртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады. Қарауылдар гарнизондык және ішкі болып бөлінеді.

    Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизонды маңызы бар объектілерді, кұрамалар объектілерін  немесс бір-біріне жакын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердін объектілерін корғау үшін, сондай-ак гарнизондык гауптвахтада ұсталып отырған адамдар күзету үшін тагайындалады.

     Ішкі карауыл бір әскери бөлімінің объектілерін күзету   мен   корғау   үшін тагайындалады.

    6-слайд (сақшы, пост  аныұтамасын беру)

    Қарауыл кұрамына: қарауыл бастығы посттылар мен ауысым саны бойынша карауылдар,  жұмысқа тартушылар, карауыл бастығының көмекшісі техникалық күзет жөніндегі карауыл бастығының көмекшісі немесе операторлар ауысымы, карауыл иттері кызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік кұралдарының  жүргізушілері тағайындалады. ОбъектІлерді тікелей күзету мен корғау үшін қарауыл кұрамынан сақшылар тағайындалады

    Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін жауынгерлік міндеттерді орындаушы каруланған карауыл кұрамынан сақшылар тагайындалады.

    Сақшы дегеніміз өзіне тапсырылған постыны күзсту мен қорғау жөнінде жауынгерлік міндеттерін орындаушы қаруланған карауыл.

    Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, карауылдар бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне, гауптвахты жанындағы қарауыл гауптвахты бастығына бағынады.

    Ішкі қарауылдар әскери бөлім командиріне эскери бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады.

    Екінші  оқытылатын сұрақ        минут.  (пост макетін көрсету, түсіндіру)

    Пост Пост дегеніміз сакшыга күзету мен корғау үшін тапсырылған барлық объектілер, сондай-ақ ол өз міндеттерін орындап жүрген орын немесе жергілікті жердің бір учаскесі. Күзететін объектілер орналасқан аумақтың сым коршауларының арасы: төменгі бөлігі 5 см-ден жоғарғы бөлігі 15 см-ден аспайтын аракашыктыкпен биіктігІ 2 метр-ден кем емес ішкі жэне сыртқы коршаулары болу керек. Сырт кы және ішкі коршаулардың ара кашыктығы жергілікті жағдайға карай 10метр және одан да көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасыпан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу жэне ені 5 метр-ден кем емес коршаудың сыртқы жағына өтетін бақылау кадагалау жол жабдықталады. Күзетілетін объектілерге кіре берісті бақылауға ыңгайлы болу үшін коршаулардың арасына ок өткобейтін қоршауы бар байланыс дабыл жүйесі кұралдармен және найзағайдан сақтану кұрылсыларымен жабдыкталған бақылау мүнаралары орналастырады. Күзетілетін объектілері бар аумакка кіре берісте түнде және күндіз жаксы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер койылады. Айналып жүру көрсеткіштер арқылы көрсетіледі. Бүл көрсеткіштер тәуліктің белгілі бір уакытында койылуы мұмкін.

    Үшінші  оқытылатын сұрақ        минут. (карауылдың қаруды оқтау және оғын алу ретін көрсету)  Практикалық жаттығу

    Бекіту кезеңі

    -         Қарауылдық қызметі не үшін тағайындалады

    -         Қарауыл дегеніміз кім? Сақшы дегеніміз кім?

    -         Пост және оның анықтамасы

    -         Қаруды оқтау және оғын алу кімнің қатысуымен жүргізіледі?

    Қосымша материал:    Тарихи деректер  Халық Қахарманы  Хиуаз Доспанова 

                                        жайлы тарихи деректер

    Бағалау үйге тапсырма беру       Қарауыл пост сақшы анықтамаларын,     

                                                     қарауылдың атқаратын қызметін оқу  

     

    Категория: Алғашқы әскери дайындық | Добавил: География
    Просмотров: 8549 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.2/10
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
     Copyright MyCorp © 2016