Жексенбі, 15.12.2019, 19:53
| RSS
| | Менің профилім |  Форум | Қонақ кітабы| Шығу 
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Корзина
Ену

Ілмектер
Полигон ҰСТАЗДАР күні! жер cпорт математика Тест Алғашқы әскери дайындық мұғалім сабақ 5-11 сынып химия ұстазға көмек Өзін-өзі тану http://yadi.sk/d/7MPPn7vq08uSd информатикадан сабақ жоспарлары Сабақ жоспар сабақ жоспарлары поурочные планы по физике Астана қысқа мерзімді жоспар омж 7 сынып Географиядан кыска мерзімді жоспар әліппе орта мерзімді жосп әдебиеттік оқыту ашық сабақ 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ адам қоғам ЖОСПАР орта мерзімді жоспар құқық планы на казахском языке арзан сабақ жоспар сату информатикадан кембридж бағдарламасы сабак жоспар 5 сынып 5-9 сынып поурочный план сабак жоспарлар ЕНТ Бастауыш сынып Желтоқсан көтерілісі Тәрбие сағат Тарих ҰБТ Қазақ тілі 20 жылдық МАБ Күнтізбелік жоспар география 12-жылдық Абай Онлайн электронды сабақ ЭКОЛОГИЯ Тәрбие ұстаздар күні туризм Бақылау жұмысы Қазақстан тарихы «Квадрат теңдеулер» биология Сабақ жоспарлар оқушы мектеп ұстаз жоспарлар ашық сабақтар физикадан сабақ жоспары 5 сынып Қазақстан тарихы сабақ жосп технология пәнінен сабақ жоспарлары 6-7 сыныптан технологиядан сабақ жо 8 сыныптан технологиядан сабақ жосп 9 сыныптан технологиядан сабақ ж 5 класс поурочные планы по физике 7 класс 10-10 класс 8 класс 9 класс 6 класс жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу қысқа орта мерзімді жоспар 1 сынып дүниетану сабақ жоспарлар сайты 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ информатика қмж Ілмек: орта мерзімді жоспар БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ 6 сынып Қазақ тарихы 7 сынып тарих 8 сыныптарих по истори
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 1
    Қонақтар 1
    Пайдаланушылар 0


    .
    Басты » Мұрағат


    Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

    Наурыз - жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

    Әр жыл сайын жасампаздығы мен қуаты артып келе жатқан Елордамыздың ажары мен айбыны да осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек.


    қ тілек бейбітшілік аман болсын!

    Елім, жұртым қадірлі аман болсын!

    Туғандай бір анадан жамағаттар

    Достыққа берік, мықты адал болсын!

    Наурыз мейрамы құтты болсын!

    Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

    Қайда барсақ жол болсын!

    Ұлы халқым тоқ болсын!

    Қайғы уайымы жоқ болсын!

    Қуаныштары көп болсын!

    Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасылыраңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!

    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 3684 | Қосқан: География | Уақыт: 18.03.2011 | Пікірлер (0)

    ΧΙΧ ғасырдың орта тұсына қарай әлемде нәсілдер мен түрліше тап өкілдері арасындағы теңсіздік мәселесі жойылғанымен, көптеген елдердегі әйелдердің құқы шамадан тыс шектелді. Кей елдерде оларға сайлау құқы мен мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқы берілмеді. Осындай шектеулер олардың қарсылығын тудырды. 1908 жылы 8-наурызда Нью-Йорктік социал-демократ әйелдер ұйымының бастамасымен ”Әйелдер де тең құқылы болуы керек” деген ұранмен шеру болды. 1909 жылы 28-ақпанда Американдық Социалистік партия ”Ұлттық әйелдер күні” деп ақпан айының соңғы жексенбісін жариялады. Бірақ бұл мереке не бәрі 1913 жылға дейін ғана жалғасын тапты. 1910 жылғы 27-тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік ”Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында” немістің ”социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19-наурыз Әйелдердің құқын қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2-наурызында Ресей мен Францияда, 9-наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды. 1914 жылы 8-наурыз елдердің барлығында әйелдер күні бірдей болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде ешқандай да әйелдер күні болмады. 1917 жылы Австралия, Финляндия, Норвегия, Дания және Исландия сынды елдерде әйелдерге жартылай немесе толықтай сайлау құқы берілді. 1921 жылы КСРО-да Коммунистік әйелдердің екінші конференциясының шешімімен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні деп жарияланды. Бұл күннің таңдалу себебі, 1917 жылы 8-наурызда Петербор қаласында Ақпан төңкерілісіне қосқан үлестері үшін сол кездегі әйелдердің ерлігі болатын. 1966 жылғы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес 1965 жылғы 8-наурыздан бастап Халаықаралық әйелдер күні Халықаралық әйелдер мерекесі және демалыс күн болып жарияланды. Әйелдер қауымы талай күресті бастан кешіп, соңында өздерінің төл мерекелеріне де қол жеткізді. ”Басы қатты болса, соңы тәтті болады” деген осы болар. Қазіргі таңда. 8-наурыз күнгі мереке әлемнің көптеген елдерінде ресми мереке саналады. ”Әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа” дегендей, жер-жерлерде түрліше ғұрыптармен тойланады. Мысалы, Португалия мен Румынияда тек әйелдер ғана кешке ”Women-only” атты мерекелік кешкі асқа жиналады екен. Италяндық жігіттер нәзік жандыларға сары түсті акация тектес гүлдерді сыйлайды. Ресейде гүлдермен қатар шоколадтар да мерекелік сыйлықтардың ең көр таралған түрі. Бұл мереке Индиялық жұмысшы әйелдердің қазіргі қоғамдағы орнын, күш-жігерлерін айшықтай түседі. Көтерген іс-шаралар осы тақырыптың айналасында өрбиді.
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 12721 | Қосқан: География | Уақыт: 03.03.2011 | Пікірлер (1)

    Қанат Сіләмұлы: «Отаныма оралдым»

    Қанат Сіләмұлы: «Отаныма оралдым»

    Тағдырдың жазуымен, алмағайып заманда атажұрттан көз жазып қалған жер бетіндегі барша қазақтың біртұтас әрі мәңгі мызғымас Отаны - Қазақстан екені Аллаға да, адамға да аян.

    Алаш елінде азаттықтың көк туы желбіреген сәттен бастап, күні бүгінге дейін «ата-бабамның сүйегі жатқан, туған топырағым, айналайын атамекенім», - деп аңыраған қазақ көші бір сәтке де толастаған жоқ.

    Міне, Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығында кеше ғана жат жұрттың атынан байрақты бәсекеге түссе де, қазақтың абыройын асқақтатқан Алаштың арыстан ұлдарының бірі боксшы Қанат Сіләмұлы Отанына - мәңгілік жерұйығына оралды. Біржолата.

    Қазақ жұдырығының құдіретін Қытайда жүріп мойындатқан қандас бауырымыз Қанат Сіләмұлы туған жерге түбегейлі оралды! Қытай құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алған жуан жұдырық иесін атамекенге оралуымен «Аbai.kz» порталы алғашқылардың бірі болып құттықтап, кіндік жұртқа жайғасып, орналасу жайынан аз-кем әңгіме дүкен құрған болатын.

    - Қанат, атажұрттың топырағына басқан қадамың құтты болсын!

    - Рахмет! Негізі, Қазақстанға келіп - кетіп жүргеніме он жылдай уақыт болды. Тарихи Отаныма ат басын тіреу бала кезден бергі арманым еді. Сол арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік берген жаратқанға ризамын. «Жер су» корпорациясының басшысы, боксқа жанашыр болып жүрген азамат Бауыржан Оспанов ағамыздың қолдауымен Алматы облысына отбасыммен көшіп келдім. Енді азаматтық алу үшін құжат жинау үстіндемін.

    - Бір басыңыз екеу болып, шаңырақ көтергеніңізден де хабардармыз...

    - Иә, осыдан  тура бір ай бұрын алматылық Гүлмира есімді арумен бас қосып, шаңырақ құрғаным рас. Ата-анама келін сыйлап, қуантып жатқан жайым бар.

    - Жеке өміріңдегі жағымды жаңалықтарға шын көңілден ортақпыз! Енді спорттық ғұмырыңыздағы өзгерістер туралы айтсаңыз... Сізді кәсіби боксқа ауысуы мүмкін деген сыбыс бар..

    -Бүгінгі күні елімізге кеңінен танымал бапкер Тұрсынғали Еділовтың қол астында жаттығудамын. Менің ең негізгі мақсатым  - 75 келі салмақта Лондон Олимпиадасына жолдама жеңіп алу. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсету мен үшін үлкен жеңіс екенін де ескерткім келеді. Осы ойымды жүзеге асыру үшін аянбай тер төгіп жатырмын.

    - Бұл салмақта сізге негізгі қарсылас кімдер деп санайсыз?

    - Ұлттық құрама сапында дарынды жастар өте көп. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Еңбектенсең, бәрін де жеңуге болады.

    - Олимпиаданың қола жүлдесіне жеткенге дейін  сіздің талантыңыз Қытай елінде шыңдалды. Жүлдеге қолы жеткен соң, туған жеріне кетіп қалды деп ол жақтағылар өкпе айтпайды ма?

    - Жоқ, туған топыраққа табан тіреп, Қазақстанның атын асқақтауды мен баяғыдан бері армандадым. Ал Қытай спортшыларға зәру емес,  жүлде әперер оғыландар ол жақта жетіп артылады.

    - Жаңа мекенге үйренісіп кету қиындық туғызып жатқан жоқ па? Қанша дегенмен, ес білгелі туған елден жырақта жүрдің...

    - Әрине, туған жерге  оралғаным үшін шексіз бақыттымын! Өзге елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болып, халқымның кәдесіне жарасам жеткілікті. Қытай он жерден дамып кетсе де, атамекенді алмастыра алмайды. Мұнда бәрі де жақсы, тек тіл жағынан қиналып жүргенімді жасырмаймын. Өйткені, ресми тіл ана тілімізге қарағанда жиірек қолданылады. Ал, мен орысша білмеймін.

    - Осы орайда Қанаттың мүмкіндігі мен әлеуетін білу мақсатымен  ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен талантты боксшының жеке бапкері Тұрсынғали Еділовті  сөзге тартқан едік

    Мырзағали Айтжанов:

    - Қанаттың құжаттары әлі  толық дайын емес. Егер, құжат жағы еш кедергі тудырмаса,  ол Қазақстан чемпионатына қатысып, өз салмағында чемпион атануға тырысу керек. Сөз жоқ, Қанат өте тәжірибелі боксшы. Қазақ елінің абыройын асқақтатуға шамасы жетеді. Ұлттық құрамада оған Данабек Сужанов, Нұрдәулет Жармановтар қарсылас атануы мүмкін.

    Тұрсынғали Еділов:

    - Қанаттың әлеуетін кешегі өткен турнир көрсетті деп ойлаймын.  WBS нұсқасы бойынша  өткен сайыста қарсыласын есінен тандырды. Өте талантты боксшы, Лондонға бару үшін алдымен Қазақстан біріншілігіне қатысамыз.

    «Абай-ақпарат»


    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 1923 | Қосқан: География | Уақыт: 18.01.2011 | Пікірлер (0)

    Білім беру порталы ашылды.

    Павлодар облысы әкімшілігі, білім басқармасы, ақпараттық орталық және Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтымен бірігіп жаңа облыстық білім беру порталын іске қосты.
    Портал жұмысының мақсаты облыстың шығармашыл ұстаздарының басын біріктіріп, білім беру үрдісіне ақпараттық техологияны насихаттап енгізу болып табылады.   Өкінішке орай білім беру порталы қазіргі уақытта орыс тілінде жұмыс жасайды.
     Алдағы уақытта портал ҚАЗАҚ тілінде жұмыс жасайд деген үміттеміз. Ғаламтордағы білім беру порталының жұмысына сәттілік тілейміз!

    http://www.ertisbilimi.ppi.kz
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 2361 | Қосқан: География | Уақыт: 25.12.2010 | Пікірлер (2)

    Парламент мәжілісінде депутат Бекболат Тілеухан Үкімет басшысы мен Білім және ғылым министріне қос сауалнама жолдады. Тақырып – тоза қалса қоқыс дорбасына айналған Көкбайрағымыз және «Дарвинизмнің» тозығы жеткен іліміне тоқтау салу болды.
    «Осылай кете берсе ертең Туың
    Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?!»
    «Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Ту – кез келген мемлекеттің айбыны, елдігінің белгісі, тәуелсіздігінің бейнесі болған рәміз. «Ту құлау», «Байрағы жығылу» деген ұғым – ел үшін аса ауыр есептелетін құбылыс. Екі ел соғысқан кезде жеңістің белгісі – жаудың туын жығып, өз туын тігу. Өзі қансырап өліп бара жатса да, туын жықпай тістеніп өлген тарихта қаншама ерлер болған.
    Біз кешегі Рейхстагқа ту тіккен Рақымжанның ұрпақтары едік. Намысшыл едік. Арлы едік.
    Ал, бүгін Тәуелсіздік тойының Жаңа жыл мерекесінің көлеңкесінде қалуы менің әріптестерімді ғана емес, барлық ақпарат құралдарының, елдің біраз наразылығын тудырғанын білесіздер. Біз осылай ренжіп жүрген кезде, тағы бір сорақылықтың көкесі Талдықорғанда болды. Шаһардың қалабезендірушілері мен көше тазалаушылары Жаңа жыл қарсаңында қарбаласқандығы сондай, Туға сүрініп жүгіріп жүр. Кәдімгі Ақорданың айбынын асқақататып тұрған, Қазақстанның қадірлі Туынан дорба тігіп, қоқыс тасып жүр. (14-желтоқсанда «Жетісу» газетінің сейсенбілік нөмірінде жазды. Суреті «Намыс.kz» сайтында жарияланды. 20.12.2010 ж.)
    Мұны істеп жүргендер «Жигули» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері. Орталық алаңдағы шыршаны сәндейтін ойыншықтарды да осы қапқа салып сүйреп жүрген серіктестіктің безендіру бойынша қызметкері Светлана Друзина мен көгалдандыру бойынша жұмыскері Галина Краскова «Бұл ту ескіріп қалған екен, сондықтан бір іске жарап кетсін деп пайдаланып жатырмыз» дегеніне не деуге болады.
    «Намыс.kz» сайтында жарияланған мақала соңындағы форумға қарасаңыздар, елдің наразылығынан туған мынандай өлең жолдары бар:
    «Бабамның тіккен Туы Ордасына,
    Айналды Аяз ата дорбасына!
    Осылай кете берсе ертең туың
    Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?! – деп зарлайды.
    Тәуелсіз елдің байрағын, қыран қалықтаған – көк туымды біресе дамбал, біресе дорба қылған зымиян әрекеттерге тоқтау салатын нақты тетік табудың уақыты әбден жеткен секілді!»
    Оқушылар қай сөзімізге сенбек?
    Бүгінгі таңдағы мектептердегі оқу бағдарламаларындағы қайшылықтар сауалымызға өзек болып отыр. Бұл мәселеге назар аудару қажеттілігінің уақыты жеткен секілді. Айтқалы отырған мәселеміз – дарвиндік теорияның әлі де оқу бағдарламасында салтанат құруы. Әлемге үлгі болған АҚШ секілді мемлекеттің өзі 1935 жылдан бастап дарвинизмді ұсынуды заңмен тыйған болатын. Жалпы, дарвинизмнің ғылыми факт ретінде танылуының негізгі себебі – Маркстік-лениндік философияны (МЛФ) ұлықтау қажеттілігінен туындаған Советтік идеологияның талабы болатын. Ал, бүгін МЛФ келмеске кетті.
    Сондай-ақ, дінтану пәнінің Қазақстан мектептерінде беріле бастауы – дарвиндік теорияға мүлдем керағар.
    Жаратылыстану, тарих секілді пәндерден маймылдан тарап, енді келесі пәнде құдай жаратты деп дәріс алған бала қай сөзімізге сенбек?!
    Ұрпақты өтірікке тәрбиелеу мектеп қабырғасынан басталмақ па?!
    Ғылыми шындық, ілімдегі әділеттілік қашан салтанат құрмақ?
    «Балаларымызды қай бағытқа бейімдейміз?!» деген сынды сайлаушыларымыздың сансыз сауалына нақты жауап беретін уақыт келді. Осындай уақыт күттірмейтін маңызды мәселеге айрықша назар аударып, шешуімізді өтінген сайлаушыларымыздың талабын жеткіземін.»

    http://www.namys.kz/?p=1839
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 1759 | Қосқан: География | Уақыт: 25.12.2010 | Пікірлер (0)

    Құрметті сайт пайдаланушылар
    Достар көп уақыттан бері сайт жаңартылмай тұр. Себебі білесіздер мектепте бітпейтін қағаз жұмыстарының көп екенін. Жұмыстардың көбейіп кетуіне байланысты сайт біраз уақыт жаңартылмады адағы уақыттарда сайтымыз жаңартылып сіздердің қажеттілігіңізді қанағаттандырамыз деген ойдамын.                                              
                                                     Құрметпен: Сайт әкімшісі
    .
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 1335 | Қосқан: География | Уақыт: 02.12.2010 | Пікірлер (2)

    Құрбан  айт мерекесі құтты болсын!

    Құрметті әріптестер сайтымызды пайдаланушылар сіздерді әлем мұсылмандарына ұлық болған Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайыз. Сіздерге бұл мерекеді Аллаһ тағала тіліген тілектеріңізді қабыл етсін. Еліміз өркендеп дами берсін деп тілейміз!Құрбан  айт мерекесі мүбарак болсын!
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 3670 | Қосқан: География | Уақыт: 12.11.2010 | Пікірлер (1)

    Құрметті ұстаздар және сайт қонақтары бізідің сайт "Бәйге” қазақ ұлттық интернет сайысына қатысуда сіздерден сайт пайдаланушы ретінде және әріптес ретінде сайтымызға дауыс беруіңізді сұраймын! Ескертетін жайт интернет дауыстарыныз Эмайлдарыныз арқылы расталады. Дауыс беру үшін суретті және сілтемені басып дауыс беріңіз. Сіздерге алдын ала ризашылық білдіреміз
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 2558 | Қосқан: География | Уақыт: 16.10.2010 | Пікірлер (2)

    5-Қазан ұстаздар күні құтты болсын!

    Құрметті әріптестер сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
    Сіздердің толағай еңбектеріңізден шығармашылық табыс тілей отыра алдарыңыздағы шәкірттеріңізге білім нәрін сусындатуда шыдамдылық пен шығармашылық табыс тілейміз!
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 6284 | Қосқан: География | Уақыт: 03.10.2010 | Пікірлер (4)

    1- Қыркүйек білім күні құтты болсын!
    Білім күнімен!
    Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерді 2010-2011 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. Жаңа оқу жылында жаңа табыс тілейміз!
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 24568 | Қосқан: География | Уақыт: 31.08.2010 | Пікірлер (15)

    Соңғы бес жылдың ішінде қазақ тіліндегі Интернет ресурстардың саны 8%-ға артты. Қазақстан Интернет компаниялары Қауымдастығының төрағасы Шавкат Сабыров (суретте) бұл жайтты қазақ тілінде сөйлесу сәнге айналып келе жатқандығымен түсіндірді.

    «Егер 2004 жылы мемлекеттік тілдегі сайттар барлық көлемнің тек 4%-ын ғана құраса, 2009 жылдың соңына қарай бұл 12%-ға өсті. Бұл қазақ тілінде сөйлесу күннен-күнге сәнге айналып келе жатқандығымен байланысты. Сонымен қатар мемлекеттік сайттардың барлығында (шамамен 120) қазақ тіліндегі нұсқасы болуы тиіс» – деді Шавкат Сабыров "Business Resource” тілшісіне берген түсініктемесінде.

    Интернет Қауымдастықтың мәліметінше орташа есеппен алғанда қазақ тіліндегі ресурстар санының өсуі жылына 20%-ды құрайды. Бір қызығы, аталған уақыт ішінде орыс және өзге тілдегі сайттардың өсу қарқыны 7%-ға азайған.

    «Қазақ тіліндегі сайттар бірте-бірте өз аудиториясын жаулай бастады. Мысалы, 2004 жылы Қазнеттегі ресурстың 82%-ы орыс және басқа тілде болатын. 2009 жылдың соңына қарай бұл сан 15%-ға азайды» деді Ш.Сабыров.

    "Мінбер-ақпарат”

    http://www.minber.kz

    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 1653 | Қосқан: География | Уақыт: 05.08.2010 | Пікірлер (0)

    Бұл журнал ұлтын сүйетін, ұлтының болашағын ойлайтын қауымға арналып отыр. Журналдың редакция алқасының төрағасы Бекболат Тілеухан, бас редакторы Бекен Қайратұлы.
    Қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық «Оян.Намыс.kz» атты журналдың алғашқы саны жарық көрді. Екі айда бір рет шығатын бұл басылымның басты мақсаты – айтылуға тиісті ащы шындықты өткір тілмен оқырманға жеткізуге күш салу екен. Журналдағы «Бодандық қамыты қазақтың мойнынан түссе де, миынан түскен жоқ», «Отарлаудың ойраны», «Бейғам қазақ һәм Бедеу Еуропа», сияқты көлемді мақалалар тақырыбында айтылып тұрғандай, жұртшылық көкейіндегі ең өзекті ойларға қозғау салған. Тарихтың ақтаңдағы, қазіргі қоғамның түйткілді тұстары, биліктің елге деген енжарлығы –журнал тілшілері көздеген басты нысана. Сондай-ақ, оқырманды имани біліммен сусындатып, қазақтың ұл-қыздарының жігерін қайрап, намысын қамшылау кеңінен қамтылған. «Қауқарың қодас құрлы бар ма, қазақ?», «Құл дегеніміз кім?», «Жолбарыстар хикаясы» атты өткір тілді дүниелер шынында да намыс пен жігерді қайрайды. Шын мәнінде мұндай журнал ұлттық баспасөз айдынында бұрын-соңды жарық көрген жоқ десе де болады. Бұл журнал ұлтын сүйетін, ұлтының болашағын ойлайтын қауымға арналып отыр. Журналдың редакция алқасының төрағасы Бекболат Тілеухан, бас редакторы Бекен Қайратұлы.
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 1652 | Қосқан: География | Уақыт: 22.02.2010 | Пікірлер (1)

           ПАВЛОДАР. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда «Бес асыл» қоғамдық қоры мен «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік мектебі «Мектептердің 100 үздік түлегі» кітабын басып шығарады. Осынау игі іс бастамашыларының айтуынша, жоба «Зияткер ұлт - 2020» президенттік жобасының және мемлекеттік жастар бағдарламасының орындалуы аясында әзірленіп отыр. Басылымның мақсаты - зияткерлік, шығармашылық және спорттық конкурстарда жетістіктерге қол жеткізген дарынды оқушыларды, «Алтын белгі» аттестатынан үміткерлерді қолдау. Кітапқа сондай-ақ «Менің өмірлік ұстанымым», «Отбасы шежіресіндегі менің ролім», «Менің басымдықтарым мен келешегім» деген тақырыптарды арқау еткен эссе конкурсы жеңімпаздарының да еңбектері кіретін болалы. Туынды республика тәуелсіздігінің құрдастары - қазіргі оқушылардың жетістіктерін насихаттауға негізделіп отыр.
                 http://www.portal.edu.kz
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 2434 | Қосқан: География | Уақыт: 06.02.2010 | Пікірлер (0)

        Елімізде әлемнің көрнекті ғалымдарын тарту үшін арнайы қор құрылады - Мемлекет басшысы
    АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде әлемнің көрнекті ғалымдарын тарту үшін арнайы қор құрылады.
       Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды қызмет етуі тиіс. Ал 2020 жылға қарай бұл жүйе елімізде өңделіп енгізілетін патенттер, дайын технологиялар ретінде нәтижелер беруі шарт. Білім беру саласындағы ерекше басымдық Астана қаласында құрылатын бірегей оқу мекемесіндегі жобаларға қатысты болады. Бұл жаңа халықаралық университет алғашқы 700 оқушыны дайындық курсынан өткізу үшін ағымдағы жылдың шілдесінде өз есігін ашады. Университеттен басқа, елімізде арнайы қор құрылатын болады. Ол бойынша көрнекті ғалымдарды тарту мен ұстаздар үшін арнайы жағдайлар жасау қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, осы университетке балаларды дайындау мақсатында зияткерлік мектептер бүгінгі күні Астанада, Көкшетау мен Семей қалаларында қызмет етіп жатыр. Мен бұл нысанға Президенттің атын беруге келістім. Ал олардың отандық білім жүйесінің флагманына айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», деді Н. Назарбаев Ғылым туралы заң қабылданғаннан кейін бұл салада үлкен өзгерістер болады - Жолдаудан кейінгі пікір
         АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жолдау міндеттерінде білім және ғылым саласын дамыту бойынша басымдықтар ескерілді.
         Бұл туралы бүгін Елбасының Қазақстан халқына жасаған Жолдауынан кейінгі брифингте Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «Елбасы Жолдауындағы білім беру мен ғылым саласы үшін басты мәселенің бірі - ол сәуір айынан бастап біздің қызметкерлер үшін жалақы көлемін арттыру, екінші мәселе Елбасы 2020 жылға дейін мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелерді 100 пайызға қамтамасыз ету мақсаты қойылды», деді министр.
        Осы орайда Ж. Түймебаев, қазіргі кезде балабақшамен қамтамасыз ету 38,5 пайызды құрайтынын атап өтті. «Атап айтқанда, алдымызда үлкен жұмыстар тұр, осы қойылған міндеттерге біз белсенді түрде кірісетін боламыз», деді министр.
         Сонымен бірге Ж. Түймебаев, ғылым саласына да ерекше екпін қойылғанын айта келе, «Ғылым туралы заң талқылану үстінде. Атап айтқанда, бұл заңды құжат әлемдік және халықаралық талаптарға сай дайындалып жатыр. Сондықтан осы заңға орай ғылым саласында үлкен өзгерістер болмақ», деді ведомство басшысы. Мемлекет басшысы Үкіметке мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ететін «Балапан» атты бағдарлама әзірлеуді тапсырды
         АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ететін «Балапан» атты бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «Алдағы бес жыл ішінде Үкімет металл өнімдерінің экспортының екі есеге артуын қамтамасыз етуі тиіс. Ал 2015 жылға қарай бюджет кірістері жаңа жобалар есебінен 400 млрд. теңгеге дейін өсуі керек. Бұл ретте шикізат секторына тәуелділік те төмендей түсуі шарт », деді Н. Назарбаев.
         Сонымен бірге, Елбасы ел экономикасын жаңғыртудың тиімді жүргізілуі ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, көңіл күйлеріне де тікелей байланысты екендігін атап өтті. «Сондықтан да 2020 жылға қарай барлық, ауылдық және қалалық жерлердегі балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерімен қамтамасыз етілуі шарт. Бұл үшін біздің мүмкіндіктеріміз де, мемлекеттік-жеке әріптестіктің әлеуеттері де жеткілікті. Жеке, отбасылық балалар бақшасы, арнайы шағын орталықтар мемлекеттік мекемелерге балама бола алады. Осыған орай, Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып «Балапан» атты бағдарлама әзірлеп, оны ағымдағы жылдан бастап жүзеге асыруға кірісуді жүктеймін. Аталған бағдарлама балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ететін болады», деді ол. 2020 жылға дейін 12 жылдық білім беру жүзеге асуы тиіс - Мемлекет басшысы
        АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2020 жылға дейін 12 жылдық білім беру жүзеге асуы тиіс. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
         «Үкімет 2020 жылға қарай орта білім беру жүйесінде 12 жылдық оқыту жүзеге асуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. Ал кәсіптік-техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделуі шарт. Бұның өзі экономиканың сұраныстарына қатаң өзара байланысуы керек. Сондай-ақ жоғары білім беру сапасы халықаралық талаптарға сай келуі керек. Еліміздің жоғары оқу орындары әлемнің алдыңғы қатарлы университеттердің рейтингінен көрінуге ұмтылулары шарт. Ал егерде бұндай ұмтылыстар байқалмайтын болса, онда жоғары оқу орындарының не қажеті бар? Сондықтан да, біздің балаларымыз рейтингтерге жауап бере алмайтын оқу орындарында білім алғысы келе ме деген мәселені әркім ойлануы тиіс», деді Н. Назарбаев.
    30.01.2010
    http://www.portal.edu.kz

    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 6424 | Қосқан: География | Уақыт: 01.02.2010 | Пікірлер (1)
    « 1 2 3 4 5 »
     Copyright MyCorp © 2019