Жексенбі, 15.12.2019, 19:35
| RSS
| | Менің профилім |  Форум | Қонақ кітабы| Шығу 
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Корзина
Ену

Ілмектер
Полигон ҰСТАЗДАР күні! жер cпорт математика Тест Алғашқы әскери дайындық мұғалім сабақ 5-11 сынып химия ұстазға көмек Өзін-өзі тану http://yadi.sk/d/7MPPn7vq08uSd информатикадан сабақ жоспарлары Сабақ жоспар сабақ жоспарлары поурочные планы по физике Астана қысқа мерзімді жоспар омж 7 сынып Географиядан кыска мерзімді жоспар әліппе орта мерзімді жосп әдебиеттік оқыту ашық сабақ 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ адам қоғам ЖОСПАР орта мерзімді жоспар құқық планы на казахском языке арзан сабақ жоспар сату информатикадан кембридж бағдарламасы сабак жоспар 5 сынып 5-9 сынып поурочный план сабак жоспарлар ЕНТ Бастауыш сынып Желтоқсан көтерілісі Тәрбие сағат Тарих ҰБТ Қазақ тілі 20 жылдық МАБ Күнтізбелік жоспар география 12-жылдық Абай Онлайн электронды сабақ ЭКОЛОГИЯ Тәрбие ұстаздар күні туризм Бақылау жұмысы Қазақстан тарихы «Квадрат теңдеулер» биология Сабақ жоспарлар оқушы мектеп ұстаз жоспарлар ашық сабақтар физикадан сабақ жоспары 5 сынып Қазақстан тарихы сабақ жосп технология пәнінен сабақ жоспарлары 6-7 сыныптан технологиядан сабақ жо 8 сыныптан технологиядан сабақ жосп 9 сыныптан технологиядан сабақ ж 5 класс поурочные планы по физике 7 класс 10-10 класс 8 класс 9 класс 6 класс жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу қысқа орта мерзімді жоспар 1 сынып дүниетану сабақ жоспарлар сайты 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ информатика қмж Ілмек: орта мерзімді жоспар БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ 6 сынып Қазақ тарихы 7 сынып тарих 8 сыныптарих по истори
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2019  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 1
    Қонақтар 1
    Пайдаланушылар 0


    .
    Басты » Мұрағат

     






    Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
    «Ең үздік сандық білім беру ресурсы» атты қашықтық конкурсын ұйымдастыруда біздің сайтта сол конкурсқа қатысуда. Егер біздің сайтқа дауыс бергіңіз келсе төмендегі сілтемені басыңыз. Сайтқа дауыс бер!
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 2672 | Қосқан: География | Уақыт: 21.01.2010 | Пікірлер (2)

        Жеңімпаздарды құттықтаған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев ғылым саласындағы сыйлықтардың Қазақстан қоғам қайраткерлері мен атақты ғалымдар атымен аталуы – еліміздің зиялы қауымы мен ғылымның алдыңғы шебіндегі ғалымдарымыз үшін ерекше маңыздылығына тоқталды.
    Конкурсқа ұсынылған 127 жұмыстан 12 ғылыми жұмыс жеңімпаз атанды, олар ғылыми міндеттерді шешуде терең мазмұндылығымен ерекшеленген, теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды.
       Қ.И.Сәтбаев атындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін:
    бірінші сыйлық:
        «Сингулярлы коэффициенттері бар жазықтықтағы дербес туындылы теңдеулер жүйелері үшін шеттік есептер» тақырыбына арналған ғылыми жұмыстар циклі үшін мынадай құрамдағы авторлар ұжымына:
        «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әбдіманапов Сәрсенғали Әбдіғалиұлына;
    «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы «Жаратылыстану-техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Түнқатаров Әлиасқарға;
    екінші сыйлық:
    «Тереңдегі ұңғы құрылысын жүргізуге қажетті құрал-саймандардың жаңа түрлерін жасаудың ғылыми-қолданбалы негіздері» тақырыбына арналған ғылыми жұмыс үшін мынадай құрамдағы авторлар ұжымына:
    «Алмас» ғылыми-енгізу орталығы» ЖШС бас ғылыми қызметкері Мендебаев Тоқтамыс Нүсіпқұлұлына;
    «Алмас» ғылыми-енгізу орталығы» директоры Городецкий Иосиф Марковичке;
    «Алмас» ғылыми-енгізу орталығы» ЖШС жетекші инженері Смашов Нұрлан Жақсыбекұлына;
    «Геологтүсіруорталық» ЖШС директоры Исмаилов Хандаш Қалбыоғлына;
    «Геологтүсіруорталық» ЖШС бас инженері Изаков Бейбітшілік Қадырұлына;
    Ш.Ш.Уәлиханов атындағы гуманитарлық ғылымдары саласындағы үздік ғылыми жетістіктері үшін:
    бірінші сыйлық:
    «Ұлттық көркемдік дәстүрлер және олардың қазақ операсындағы конвергенттігі» жұмысы үшін М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының өнертану секторының бас ғылыми қызметкері Күзембай Сара Әділкерейқызына;
    екінші сыйлық:
    «Әлем таныған тұлға» жұмысы үшін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының шығыстық нұсқажүргізу, Шығыс халықтарының тарихымен мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері Есмағанбетов Көшім Лекерұлына;
    Ы.Алтынсарин атындағы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін сыйлық:
    бірінші сыйлық:
    «Мәдениеттану» жұмысы үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мәдениантропология кафедрасының профессоры Ғабитов Тұрсын Хафизұлына;
    Күлтегін атындағы сыйлық түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін:
    «Ұлы қағанат (түріктер, мұңғылдар, татарлар)» жұмысы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия» ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері Қойшығара Салғараұлына;
    Д.А.Қонаев атындағы жаратылыстану ғылымдары саласындағы жас ғалымдардың үздік жұмыстары үшін:
    «Антизотроптық кеңістіктер үшін интерполяциялау тәсілдері және олардың қолдануы» жұмысы үшін М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы математика информатика кафедрасының доценті Бекмағанбетов Қуаныш Әбдірахманұлына;
    «Бақылау жүргізу әдістемелерін және геодезиялық полигонның параметрлерін негіздеу» жұмысы үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «инженерлік геодезия және жерге орналастыру» кафедрасының ассистенті Қайранбаева Айнұр Берікқалиқызына;
    «Ертіс өзенінің жағалауындағы (фаунасы, экологиясы, күрес шаралары) қосқанатты қансорғыштар (diptera: culicidae, ctratopogonidae, tabanidae)» жұмысы үшін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің биология и экология кафедрасының аға оқытушысы Нұрлина Айнагүл Балғақызына;
    М.О.Әуезов атындағы гуманитарлық ғылымдары саласындағы жас ғалымдардың үздік жұмыстары үшін:
    «Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістер: мәселелері және болашағы» жұмысы үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Шериязданова Кәмилә Ғалымқызына;
    «Ғаламдастыру заманында жоғары білім беру вариативтілігі» жұмыстары циклі үшін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика» кафедрасының доценті міндетін атқарушы Анарбек Назгүле;
    «Жаңа педагогикалық тұжырымдар, идеялар, тенденциясы жиынтығында оқу-тәрбиелік үдерісті басқару» жұмыстары циклі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жалпы және этникалық педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Садуақасова Зухра Маратқызына берілді.
    14.12.2009
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 2149 | Қосқан: География | Уақыт: 29.12.2009 | Пікірлер (0)


    90-жылдардың ортасында білім саласына енгізілген реформаның бірі - Ұлттық бірыңғай тестілеу болды. ҰБТ енгізілген он жылдан астам уақыт ішінде, әйтеуір жылда бір кемшілік орын алып келеді. Алғашқы жылдары ұйымдастыру шараларының кемшін тұстары көрінсе, кейінгі жылдары бақылау шараларындағы олқылықтар орын алды. Енді ғана ұйымдастыру, бақылау шараларының мәселесін шештік пе дегенде, тағы бір мәселенің құлағы қылтиып шыға келді.

    Мәселенің мәні
    Редакцияға телефон арқылы хабарласқан биыл мектеп бітірген, ҰБТ-да жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін шекті деңгейден артық балл (шекті деңгей - 45 балл) жинай отырып, екі жас түлек оқуға түсе алмаған. Ал енді «45 балдан артық жинаған болса, неге жоғары оқу орнына қабылданбайды» деген сұрақтың тууы заңды. Бұл сұрақтың жауабын түлектердің өз сөзімен жеткізейік.

    Бірінші түлек, Сәкен:
    - Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде бес пәннен барлығы 61 балл жинадым. Атап айтқанда, қазақ тілінен - 14, Қазақстан тарихынан - 18, қазақ әдебиетінен - 22, орыс тілінен - 6, математикадан 1 балл. Математикадан бір балл алғандықтан, маған ҰБТ-ның сертификатын бермеді. Ал сертификат болмаса, жоғары оқу орындары қабылдамайды. Мен гуманитарлық мамандықты таңдаған болатынмын. Алайда қандай да бір кездейсоқтық болмаса, менің ЖОО-ға түсуім екіталай сияқты. Өйткені қай мамандықты таңдасаң да, математика пәні бар. Ал менің нақты пәндерге келгенде, қабілетім төмен.

    Екінші түлек, Мирас:
    - Мен орыс мектебін бітірдім. Жасымнан техникаға қызығамын. Сондықтан техникалық мамандықты таңдадым. ҰБТ-да барлығы 59 балл жинадым. Бірақ Қазақстан тарихы пәнінен 2 балл алып, ҰБТ сертификатын ала алмай қалдым. Сертификатсыз ЖОО-ларға қабылдамайды. Техникалық мамандыққа тарих пәнінің қаншалықты қажет екенін білмеймін. Ең бастысы, математикадан - 22, физикадан 20 балл жинаған едім. Ал кейбір құрбы-құрдастарым математика, физика пәндерінен 14-15 балл алып та, мен таңдаған мамандыққа оқуға түсіп отыр.

    Мамандардың көзқарасы
    Осы мәселе жөнінде мамандармен хабарласып, пікірлерін білген едік.
    Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, филология ғылымының докторы, профессор:
    - ҰБТ - өзінің тиімділігін дәлелдеген жүйе. Қазіргі кезең - прогрестік, жаңарған технология кезеңі. Ал жаңарған технологияны математикасыз игеру мүмкін емес. Сондықтан гуманитарлық мамандықтардан математиканы алып тастауға болмас. Дегенмен ҰБТ-да таңдаған мамандығына байланысты, гуманитарлық пәндерден үздік баға алып, математикадан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, талапкерге қосымша мүмкіндік беріп, ауызба-ауыз әңгіме өткізіп, бала өзінің білімділігін дәлелдеп жатса, ондай дарынды балаларды ЖОО-ларға қабылдаудың жаңа тетігін ойластыру керек сияқты. Өйткені жүзбе-жүз сөйлесіп, баланың алғырлығын анықтауға болады. Алайда бұл - мамандармен бас қоса отырып шешетін мәселе.

    Сабыр ОСПАНОВ, Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
    - Орта білім саласындағы тәртіп жалпыға бірдей. Сондықтан гуманитарлық мамандықтарға математикадан емтихан тапсыруды алып тастау дұрыс болмас. Алайда басқа да балама жолдарын қарастыруға болады. Мысалы, гуманитарлық мамандықтарға математика пәнінен жеңілдетілген сұрақтар таңдалып алынса дұрыс болар ма еді?! Екінші бір айтайын дегенім, ҰБТ-да математика пәнінің бір сұрағына бір балл емес, күрделілігіне қарай, үш балға дейін беру керек. Сонда математикадан мықты бала өзінің білімділігін дәлелдеп, көп балл жинау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі уақытта бізде ҰБТ-ның жабық тәсілі қолданыста. Мұның бір кемшін тұсы - талапкер «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дей отырып, кездейсоқ дұрыс жауапты белгілеуі мүмкін. Сондықтан біз ашық тәсілді қолданысқа енгізуіміз керек шығар. Бұл тәсілде дұрыс жауаптың бірін таңдау деген жоқ. Мұнда есепті шығарып, жауабын табуыңыз керек. Осы жолғы ҰБТ-ның форматына өзгеріс енгізілгенде осы жайлар ескерілетін болар.

    Министрліктің мәлімдемесі

    Білім және ғылым министрлігінде Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматын өзгерту мәселесі қаралуда. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев арнайы мәлімдеме де жасады. Оның айтуынша, ҰБТ оқушының орта білімі жөніндегі аттестация және жоғары оқу орнына түсер алдындағы тәуелсіз тестілеу бөліктерінен тұруы тиіс. «ҰБТ балалардың білім деңгейін анықтау, мұғалімдердің, мектеп директорларының, жергілікті басшылардың жұмысына баға беру, жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік алу сияқты бірнеше әлеуметтік қызметтердің барлығын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан түрлі кемшіліктер табылып жатыр. Министрлік соған орай ҰБТ-ның қызметін екіге бөлу мәселесін қарастыруда», - деді С.Ырсалиев. Министрлікте арнайы құралған комиссия осы бағытта тиісті шаралар жасайтын болса, оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізіледі деп күтілуде. Себебі кейінгі жылдары ҰБТ бес пәннен ғана өткізілетіндіктен, оқушылардың басқа пәндер бойынша білімі төмендегені байқалып отырған көрінеді. «Балалардың білім деңгейін анықтау және жоғары оқу орнына түсуіне мүмкіндік беру қызметтерін ажыратып, оқушыны орта білімі жөніндегі аттестациядан және ЖОО-ға түсер алдындағы тәуелсіз тестілеуден өткізсек, бұл проблема шешіледі», - дейді министрлік маманы.
    Түйін

    Шынында да, нақты пәндерден үздік оқитын оқушылардың гуманитарлық пәндерге келгенде ақсап, кейде керісінше, шығармашылыққа бейім балалардың нақты пәндерден үлгерімі төмен болып жататыны рас. Осы орайда, талапкердің таңдаған мамандығына тікелей қатысты пәннен үздік баға алып, өзге пәндерден төмен балл жинап, ЖОО-ға түсе алмауы немесе түскен күнде мемлекеттік грантты иелене алмауы - ойландыратын мәселе. ҰБТ-ның форматына өзгеріс енгізгенде, министрлік мамандары осы жайды да ескерсе екен. Өйткені есеп шығартпай математикаға бейім екеніне немесе шығарма жаздырмай филологияға бейім екеніне көз жеткізу мүмкін емес. Тағы бір айта кетерлік мәселе, мемлекеттік тілден емтихан тапсыру - міндет, ал қазақ мектептерін бітірген оқушыларға орыс тілінен тест тапсыруды міндеттеу қаншалықты қажет екендігі...



    "Алаш айнасы" газеті, 07.08.2009

    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 2324 | Қосқан: География | Уақыт: 26.12.2009 | Пікірлер (0)

    Кеше Алматыдағы Оқушылар сарайында Тәуелсіздік күні құрметіне арналған «Домбыраның күмбірі - халқымыздың бірлігі» атты күй кешінде Қазақстанда тұңғыш рет 600-ден аса домбырашы күйлерді бір мезетте күмбірлетті,деп хабарлайды
    Күй кешіне қаладағы жоғары оқу орындары мен музыкалық мектептердің оқушыларынан тұратын 640 домбырашы қатысты. Олар қазақ күйінің құдыретін танытар «Сарыарқа», «Адай», «Қосалқа», «Саржайлау», «Балбырауын» сынды шығармаларды орындады. Сондай-ақ күйшілерге жетекшілік еткен Қаршыға Ахмедияровтың «Күй ұран» атты күйі де тартылды. Қатысушылар алдын ала іріктеуден өтіп, 3 ай бойы дайындалған. Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға арнайы Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері де шақырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар кітапқа енгізу жөніндегі жауапты бір жарым айдан кейін береді.
    «Жүздеген домбырашының бір сәтте, бір екпінмен рухты күйлерді орындауы - ұлт ретіндегі даусымыздың бір жерден шығатындығын, бір мүддеге халық болып жұмыла алатындығымызды айқындайды. Домбыраның күмбірі халық мүддесін бір арнаға бұрып, ортақ ойға ұйыстыратын рухани күшке айналатынына сеніміміз мол. Бұл шара жастарымыздың ұлттық сезімін, халқымыздың отаншылдық рухын нығайтуды көздейді», дейді шараны ұйымдастырушы, «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрағасы Айдар Қырықбай. Оның айтуынша, бұл дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылмақ. «Мақсатымыз - шараға қатысушылардың қатарын арттырып, мыңдаған домбырашыға жеткізу. Биылғы жоба Алматы қаласын қамтыды, келешекте бүкіл ел ауқымын қамтуды көздейміз», деді А.Қырықбай.
    «Бүгінгі күй кеші қазақ рухын асқақтатқан кеш болды. Бұл шара үлкен бастаманың басы. Қазақтың бірлігінің негізі - қазақтың күйлерінде. Жоспарда 2000 емес, 20 000 домбырашының басын қосып үлкен концерт ұйымдастыру ойымызда бар», деді күйшілерге жетекшілік еткен Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияров.
     

    http://inform.kz/kaz/article/2219207
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 1658 | Қосқан: География | Уақыт: 12.12.2009 | Пікірлер (0)
    « 1 2 3 4 5
     Copyright MyCorp © 2019