Бекболат Тілеухан Дарвинизм түсінігінен бас тартуға шақырды - 25 Декабря 2010 - Сабақтар, презентация, флипчарт, ҰБТ, МАБ, Рефераттар
Сейсенбі, 06.12.2016, 22:48
Приветствую Вас Қонақ | RSS
Басты | Регистрация | Вход
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Корзина
Ену

Ілмектер
Полигон ҰСТАЗДАР күні! жер cпорт математика Тест Алғашқы әскери дайындық мұғалім сабақ 5-11 сынып химия ұстазға көмек Өзін-өзі тану http://yadi.sk/d/7MPPn7vq08uSd информатикадан сабақ жоспарлары Сабақ жоспар сабақ жоспарлары поурочные планы по физике Астана қысқа мерзімді жоспар омж 7 сынып Географиядан кыска мерзімді жоспар әліппе орта мерзімді жосп әдебиеттік оқыту ашық сабақ 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ адам қоғам ЖОСПАР орта мерзімді жоспар құқық планы на казахском языке арзан сабақ жоспар сату информатикадан кембридж бағдарламасы сабак жоспар 5 сынып 5-9 сынып поурочный план сабак жоспарлар ЕНТ Бастауыш сынып Желтоқсан көтерілісі Тәрбие сағат Тарих ҰБТ Қазақ тілі 20 жылдық МАБ Күнтізбелік жоспар география 12-жылдық Абай Онлайн электронды сабақ ЭКОЛОГИЯ Тәрбие ұстаздар күні туризм Бақылау жұмысы Қазақстан тарихы «Квадрат теңдеулер» биология Сабақ жоспарлар оқушы мектеп ұстаз жоспарлар ашық сабақтар физикадан сабақ жоспары 5 сынып Қазақстан тарихы сабақ жосп технология пәнінен сабақ жоспарлары 6-7 сыныптан технологиядан сабақ жо 8 сыныптан технологиядан сабақ жосп 9 сыныптан технологиядан сабақ ж 5 класс поурочные планы по физике 7 класс 10-10 класс 8 класс 9 класс 6 класс жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу қысқа орта мерзімді жоспар 1 сынып дүниетану сабақ жоспарлар сайты 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ информатика қмж Ілмек: орта мерзімді жоспар БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ 6 сынып Қазақ тарихы 7 сынып тарих 8 сыныптарих по истори
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2010  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 1
    Қонақтар 1
    Пайдаланушылар 0


    .
    Басты » 2010 » Желтоқсан » 25 » Бекболат Тілеухан Дарвинизм түсінігінен бас тартуға шақырды
    18:31
    Бекболат Тілеухан Дарвинизм түсінігінен бас тартуға шақырды
    Парламент мәжілісінде депутат Бекболат Тілеухан Үкімет басшысы мен Білім және ғылым министріне қос сауалнама жолдады. Тақырып – тоза қалса қоқыс дорбасына айналған Көкбайрағымыз және «Дарвинизмнің» тозығы жеткен іліміне тоқтау салу болды.
    «Осылай кете берсе ертең Туың
    Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?!»
    «Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Ту – кез келген мемлекеттің айбыны, елдігінің белгісі, тәуелсіздігінің бейнесі болған рәміз. «Ту құлау», «Байрағы жығылу» деген ұғым – ел үшін аса ауыр есептелетін құбылыс. Екі ел соғысқан кезде жеңістің белгісі – жаудың туын жығып, өз туын тігу. Өзі қансырап өліп бара жатса да, туын жықпай тістеніп өлген тарихта қаншама ерлер болған.
    Біз кешегі Рейхстагқа ту тіккен Рақымжанның ұрпақтары едік. Намысшыл едік. Арлы едік.
    Ал, бүгін Тәуелсіздік тойының Жаңа жыл мерекесінің көлеңкесінде қалуы менің әріптестерімді ғана емес, барлық ақпарат құралдарының, елдің біраз наразылығын тудырғанын білесіздер. Біз осылай ренжіп жүрген кезде, тағы бір сорақылықтың көкесі Талдықорғанда болды. Шаһардың қалабезендірушілері мен көше тазалаушылары Жаңа жыл қарсаңында қарбаласқандығы сондай, Туға сүрініп жүгіріп жүр. Кәдімгі Ақорданың айбынын асқақататып тұрған, Қазақстанның қадірлі Туынан дорба тігіп, қоқыс тасып жүр. (14-желтоқсанда «Жетісу» газетінің сейсенбілік нөмірінде жазды. Суреті «Намыс.kz» сайтында жарияланды. 20.12.2010 ж.)
    Мұны істеп жүргендер «Жигули» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері. Орталық алаңдағы шыршаны сәндейтін ойыншықтарды да осы қапқа салып сүйреп жүрген серіктестіктің безендіру бойынша қызметкері Светлана Друзина мен көгалдандыру бойынша жұмыскері Галина Краскова «Бұл ту ескіріп қалған екен, сондықтан бір іске жарап кетсін деп пайдаланып жатырмыз» дегеніне не деуге болады.
    «Намыс.kz» сайтында жарияланған мақала соңындағы форумға қарасаңыздар, елдің наразылығынан туған мынандай өлең жолдары бар:
    «Бабамның тіккен Туы Ордасына,
    Айналды Аяз ата дорбасына!
    Осылай кете берсе ертең туың
    Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?! – деп зарлайды.
    Тәуелсіз елдің байрағын, қыран қалықтаған – көк туымды біресе дамбал, біресе дорба қылған зымиян әрекеттерге тоқтау салатын нақты тетік табудың уақыты әбден жеткен секілді!»
    Оқушылар қай сөзімізге сенбек?
    Бүгінгі таңдағы мектептердегі оқу бағдарламаларындағы қайшылықтар сауалымызға өзек болып отыр. Бұл мәселеге назар аудару қажеттілігінің уақыты жеткен секілді. Айтқалы отырған мәселеміз – дарвиндік теорияның әлі де оқу бағдарламасында салтанат құруы. Әлемге үлгі болған АҚШ секілді мемлекеттің өзі 1935 жылдан бастап дарвинизмді ұсынуды заңмен тыйған болатын. Жалпы, дарвинизмнің ғылыми факт ретінде танылуының негізгі себебі – Маркстік-лениндік философияны (МЛФ) ұлықтау қажеттілігінен туындаған Советтік идеологияның талабы болатын. Ал, бүгін МЛФ келмеске кетті.
    Сондай-ақ, дінтану пәнінің Қазақстан мектептерінде беріле бастауы – дарвиндік теорияға мүлдем керағар.
    Жаратылыстану, тарих секілді пәндерден маймылдан тарап, енді келесі пәнде құдай жаратты деп дәріс алған бала қай сөзімізге сенбек?!
    Ұрпақты өтірікке тәрбиелеу мектеп қабырғасынан басталмақ па?!
    Ғылыми шындық, ілімдегі әділеттілік қашан салтанат құрмақ?
    «Балаларымызды қай бағытқа бейімдейміз?!» деген сынды сайлаушыларымыздың сансыз сауалына нақты жауап беретін уақыт келді. Осындай уақыт күттірмейтін маңызды мәселеге айрықша назар аударып, шешуімізді өтінген сайлаушыларымыздың талабын жеткіземін.»

    http://www.namys.kz/?p=1839
     Қаралды: 1346 | Қосқан: География  | Ілмек: Дарвинизм | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық пікірлер: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
     Copyright MyCorp © 2016