Мәдинада- Мұхаммед, Түркістанда -Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет. - 23 Ноября 2011 - Сабақтар, презентация, флипчарт, ҰБТ, МАБ, Рефераттар
Жұма, 09.12.2016, 20:17
Приветствую Вас Қонақ | RSS
Басты | Регистрация | Вход
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Корзина
Ену

Ілмектер
Полигон ҰСТАЗДАР күні! жер cпорт математика Тест Алғашқы әскери дайындық мұғалім сабақ 5-11 сынып химия ұстазға көмек Өзін-өзі тану http://yadi.sk/d/7MPPn7vq08uSd информатикадан сабақ жоспарлары Сабақ жоспар сабақ жоспарлары поурочные планы по физике Астана қысқа мерзімді жоспар омж 7 сынып Географиядан кыска мерзімді жоспар әліппе орта мерзімді жосп әдебиеттік оқыту ашық сабақ 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ адам қоғам ЖОСПАР орта мерзімді жоспар құқық планы на казахском языке арзан сабақ жоспар сату информатикадан кембридж бағдарламасы сабак жоспар 5 сынып 5-9 сынып поурочный план сабак жоспарлар ЕНТ Бастауыш сынып Желтоқсан көтерілісі Тәрбие сағат Тарих ҰБТ Қазақ тілі 20 жылдық МАБ Күнтізбелік жоспар география 12-жылдық Абай Онлайн электронды сабақ ЭКОЛОГИЯ Тәрбие ұстаздар күні туризм Бақылау жұмысы Қазақстан тарихы «Квадрат теңдеулер» биология Сабақ жоспарлар оқушы мектеп ұстаз жоспарлар ашық сабақтар физикадан сабақ жоспары 5 сынып Қазақстан тарихы сабақ жосп технология пәнінен сабақ жоспарлары 6-7 сыныптан технологиядан сабақ жо 8 сыныптан технологиядан сабақ жосп 9 сыныптан технологиядан сабақ ж 5 класс поурочные планы по физике 7 класс 10-10 класс 8 класс 9 класс 6 класс жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу қысқа орта мерзімді жоспар 1 сынып дүниетану сабақ жоспарлар сайты 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ информатика қмж Ілмек: орта мерзімді жоспар БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ 6 сынып Қазақ тарихы 7 сынып тарих 8 сыныптарих по истори
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
«  Қараша 2011  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 5
    Қонақтар 5
    Пайдаланушылар 0


    .
    Басты » 2011 » Қараша » 23 » Мәдинада- Мұхаммед, Түркістанда -Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет.
    07:02
    Мәдинада- Мұхаммед, Түркістанда -Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет.

    Құрметті сайт пайдаланушылары сіздердің назарларыңызға  Ақтау қаласында Ұ.Ә.Есназарованың ұйымдастыруымен географиядан республикалық атаулы мектебінің ұстаздарына  ғылыми-әдістемелік семинары  өткізілген еді.  Сол семинарға қатысқан Павлодар қаласы Абай атындағы №10 лицейдің  география пәні мұғалімі Жакупов Аманжолұлы Алтынбектің   

    Мәдинада- Мұхаммед, Түркістанда -Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет.

    атты мақаласын ұсынып отырмыз.

    Маңғыстау облысында Азия құрлығындағы ең төмен Қарақия ойпаты жатыр. Ол бүгінгі Ақтау мен Жаңаөзен қалаларын жалғайтын автотрассаның төменгі беткейімен жүріп бағытын  Оғыланды  жеріне  апарады. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларының аралығында қаз-қатар және  ұзынан-ұзақ  мұнай бұрғылап жатқан бұрғыларды көріп тәнті болдық. Жергілікті халық мұнай бұрғыларын «батыстың жасанды ну ормандары» деп қалжындап айтады екен. 

    Ақтау мен Оғландының арасы үш жүз шақырым айналасында. Жолдың көп бөлігі таулы, тасты, құмды болып келеді. Бекет атаның басына баруға жиналған  жолаушы  Шопан атаның зиратына көлік басын бұрып, зиярат етеді. Көнекөз  қариялардың  айтуы бойынша, Шопан ата оныншы ғасырларға дейін өмір сүрген белгілі әулиелердің бірі болған. 

        Жем бойы -  жеті жұрт жайлаған ежелгі аталардың құт қонысы. Осындағы Ақкиізтоғай ауылының «Ақмешіт» аталатын қасиетті мүйісінде 1750-жылы Адай руынан шыққан көріпкел әулие, жаужүрек батыр, ізгі жүректі, кереметімен қол бастаған батыр, от ауызды, орақ тілді шешен-би, ежелгі өнерді дамытқан сәулетші-шебер, алдындағыны болжағыш, қысылғанды жебеген сәуегей абыз, ұлағатты ұстаз, аузы дуалы ғұлама, табиғатынан  ерекше жаралған жан Бекет Ата Мырзағұлұлы дүниеге келген. 

       «Ердің соңы – Есет, Пірдің соңы -Бекет», «Қазақ қорықса Бекет дейді, Бекет те айтқандарын екі етпейді»,-деген қанатты сөздің өзінен ата тұлғасын анық аңғаруға болады.

         Бекеттің Шопан Атаға түнеуі. Бекет 14 жасқа толғанда:

    - Уа, асыл да алтын діңгегім, шайқалмас тірегім - әкем, мен Сіздің  келісіміңізге  ділгермін,- деп әкесінен  рұқсат сұраған

    - Айт, балам, әуелі Алланың шарапаты тисін.

    - Менің көңілім  білімге  ауған  ыңғайда. Атағы мұсылман қауымына белгілі Пірдің алдына барып, дәрісін тыңдасам, үлгісін тұтынсам, құдайға құлшылдық етсем, пірдің батасын алсам деген ниетке құладым, әке.

    - Талабыңа құдай жол ашсын! Рұқсат! Менің ақылымды тыңдасаң, Шопан Атаға бар, соның рұқсат-батасын ал, басына барып тағзым ет, түне, - дейді әкесі.

       Көкірегі ояу, санасы сергек, қиялы қыран жасөспірім Бекет Шопан Ата аруағына ниет құлатып, түнеген екен. Аруақты ата, пір ата жас жігітке түсінде:

    - Жас жігіт, өлі аруақ тіріге пір бола алмайтынын білмейтін бе едің, жолыңнан қалма, еліңе қайт,-деп аян берген екен.

    Жігіт Бекет кете қоймай, аялдай берген. Екінші түн ұйқысында да Шопан Ата аян беріп, былай деген:

     - Хиуаға бар, сонда Бақыржан деген қасиет иесі бар, соны сағала, шырағым! Жігіт Бекет

    жедеқабыл қимылдай қоймайды. Үшінші түнді тағы да осында өткізеді. «Хиуа деген қай жақта, жолы, бағыты қайда, қалай табам, қалай барамын?». Жас жігіт жабырқап жайсыздық, шарасыздық күй кешеді. «Жәрдемшім өзіңсің, Шопан ата!». Төртінші  күннің түнін тағы да осында өткізеді. Сол аян беру тағы қайталанады. Жігіт Бекет: «Уа, жебеушім, пірім Шопан Ата, маған Хиуаға, Бақыржанға бар дейсіз. Менің оған жетер шамам жоқ», - деп сауал тастаған  да ұйқыға кеткен…Таң сарғайып атып, таң намазы оқылып біткен уақыт мәзірінде «Балам, көлігің әзір. Жолға шық. Бұл жерден енді кет» деген пір сөзінен шошып оянады. Алдыңда  көлденеңдеп ат әбзелі түзілген пырақ тыпыршып тұр.

    - Иә, алла, жолымды оңғара көр!

        Жігіт Бекет үзеңгіге аяқ салысымен жер тарпыған пырақ ала жөнеледі. Содан бір елдің ортасына жеткізгенде, пырақ ғайып болып кете барған.

    Бекет Хиуада.

    – Мынау қай жер? – деп сұрайды, жігіт Бекет кездескен адамдардан.

    - Хиуа қаласы.

    - Бақыржан пірді білесіздер ме?

    - Неге білмейміз, жол сілтеп жіберейік пе?

    -Иә.

    … Жігіт Бекет Бақыржанға кезігіп, оның шәкірттер құрамында 7 жыл дәріс алады. Бекетке пірдің пейілі өзгелерден айрықшалау болған. Оған айына 2 мәрте үйіне барып келуге мүмкіндік жасаған. Өзге шәкірттер бұл көзқарасқа қызғаншақтық ыңғай таныта да бастаған, кейін кикілжің шығуға дейін барады.    Бір күні пір шәкірттерін жинап алып: «Ал, енді оқу аяқталуға жақын. Қайта жалғастыруға оралғанға дейін жетерліктей етіп отындық ағаш жинап беріп кетулерің парыздарың»,-дейді. Шәкірттер келісіп, қолдарына балта, ара ұстап орманға барып, ағаш дайындап, әрқайсысы көбірек әкелуге тырысады. Ал Бекет болса  көбірек емес, әбден қураған, жарамсыз ағаштарды әкеледі. Өзге шәкірттер оның қылығына мысқылдай қарап, күлкіге  айналдыратын ниет білдіреді. Мұны  пірге  жеткізуге  асығады. Сөйтіп пір Бекеттен:

    - Өзге шәкірттер әкелген отын ағаш әрі көп, әрі сапалы, ал сенікі аз, әрі шіріген, қураған болғаны қалай? – деп сұрайды.

    - Уа пірім, рұқсат болса сауалыңызға жауап берейін. Айтсам, мен қай ағашқа балта ыңғайласам да «Жас едім, өркенімнің өскенін, жапырағымның жайылғанын армандап ем, балта жүзін аулақ қыла көр, адам», - деп көз жасын көл етеді. Жаным ашып, жазалауға, зиялауға батпаймын. Өзегінен айрылған, омырылып түскен, әбден қурап қалғанын теріп уақытым текке кетіп жүргені, - дейді Бекет.

        Мұны мұқият тыңдап, риза болған пір:

    - Шәкірттерім, сендер орманға барғанда мынадай жағдайды аңғардыңыздар ма, кездестірдіңіздер ме?- деп сұрайды.

    - Жоқ, қасиетті пір ата, көргеніміз жоқ. Мына қазақ шәкірт өтірік айтып отыр.

    - Олай болса, Бекеттен өзгелерің әкелген отындық ағаштарыңызды сол салған жерге, орманға апарып тастаңыздар,-деген екен.

    … Пірден бата, дәріс, енші алған Бекет Ақмешітте мешіт салып, шәкірттерге білім беруге кіріскен. Сол тұста Бекет 24 жаста екен. Сөйтіп, күндер келісімі үйлесіп, айлар қол жалғасытырып, өте берген ғой. Бекеттің Бенеудің жарқабаты бойын ойдырып, жер асты тасынан тұратын мешітінің құрылысы жедел жүрісін тапты. Бейнеу төріндегі Бекет ата салдыртқан мешітте шәкірттер қабылдап, дәріс беру жалғасты. Бұл бекеттің 28 жасқа толған жалынды, отты, жігерлі шағы-тын. Бұл табиғи орта бір ұлыстың ұраны, пірі, жебеушісі болған Бекет атаның ғұмырнамасына тікелей қатыстылығы бар тарихи, қасиет дарыған, әулиелік орныққан орын. Бұл жердің «Оғыланды» аталуы Бақыржан Пір құдіретімен жіберген «оғылан» кейпіндегі аруақтың осы жерде ғайып болып кетуімен және Бекеттің сол жерді белгілеп қойып, ұстаз нұсқауымен мешіт салуымен шеңдестіріледі.    Бір таңғалаларлық жағдай Оғыланды тауының екі жерін өздеріне мекен етіп, қысы-жазы киіктер жайлайды. Біреулер оның бір тобы қарақұйрық немесе арқарлар деседі. Осыған байланысты Маңғыстау өңірінде, халық арасында осы аңдар жайлы айтылып жүрген бірнеше аңыз-әңгімелер бар. Әрине, оның бәрі әулие Бекетке қатысты айтылады. Себебі, бұл аңдар -  соның қамқорлығында. Оның күні кешеге дейін көп адам білмей келген. Әсіресе,  сырттан келгендер.

          Қазіргі Бекет Ата мешіті қасындағы ағып жатқан тұщы сулы мөлдір бұлақ сол Бақыржан пір лақтырған асаның суырылып алынған жерінен бастау алған.

         Біздің ендігі бағытымыз сан ғасырдың айқын куәсі, рухани ізденістеріміздің түп бастау көзі болып табылатын Маңғыстау өлкесінің орталығы – Ақтау қаласы. Каспий теңізі жағалауында жатқан бұл қасиетті мекен бүгінде экономикасы мен мәдениеті өркендеген қала ғана емес, өткен тарихымыздың, өркениетіміздің алтын қазығы болып қала бермек.

        Облыстың Форт-Шевченко қаласының жергілікті өлкетану және Т.Г. Шевченко атындағы  мемориалдық  мұражайында  болғанымызда біз көптеген игілікті істердің куәсі болдық. Ертеректегі барометр, балықшылардың үлкен тұздайтын қазаны, кемелері және ондағы шамдар,балықшылардың ит шаналары, от жаққанда ауа жіберетін үлкен құрал, зергерлік бұйымдары және Маңғыстау өңіріндегі археологиялық қазбалары сақталған. Ал Т.Г. Шевченко атындағы  мемориалдық  мұражайында оның жазбалары, сызба мен суреттері, үй жабдықтары, арбасы, айдаудағы қамалған жертөлесі және оның ақтастан жасалған аулада демалатын үстелі мен отыратын орны, аңшылыққа шыққан мылтықтары мен тікелей өзі пайдаланған үй жиһаздары мен тұрмыстық құралдары сол күйінде сақталған.

     «Қаратау жорығы менің есімде ұзақ уақытқа сақталады, мәңгі-бақи…»,- деген Т.Г. Шевченко қазақ даласына қайран қалған .

     «Туған жер географиясы және мектептегі өлкетану жұмысын ұйымдастырудың негіздері» тақырыбында 2011 жылы 05-08 қараша аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында Ұ.Ә.Есназарованың ұйымдастыруымен географиядан Республикалық ғылыми-әдістемелік семинары өткізілді. Республикалық атаулы мектебінің мүшелігі республиканың түкпір-түкпірінен оқу-зерттеу қызметіндегі ерекше жетістіктерімен көзге түскен 50 география пәні мұғалімдері құрамынан тұрады. Атаулы мектепке мүше болған зерттеушілердің барлығы өз аймағының өлкетану бағытында география ғылымының дамуына үлес қосып жүрген озық шығармашылығымен аса танымал, оқушыларға өз өлкесінің-Кіші Отанының географиясын танытуда аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымы.

         Біз – тегіміз Түрік, дініміз – Ислам екенін ұмытпауымыз керек.

         Бекет ата сияқты қасиетті жандар арқылы өткенімізбен табысу және танысу кез-келген халықтың дүниетанымын кеңейтеді. Қысылғанға дем, жабыққанға жар болған қасиетті Бекет ата рухы кім-кімді де қолдап, есін жиып, ел болу жолында келелі қаракеттерге қадам басқан отандастарын оң іске бағыттай берсін!

     

                        Алтынбек Аманжолұлы Жакупов

    Дарынды балаларға арналған

     Абай атындағы №10 лицейдің

    география пәні мұғалімі, магистр

    Павлодар қаласы.


     Қаралды: 2033 | Қосқан: География  | Ілмек: Геграфия | Рейтинг: 4.0/4
    Барлық пікірлер: 3
    3 Terry   (20.06.2012 13:09)
    Super jazzed about giettng that know-how.

    2 jasia   (09.03.2012 14:21)
    salem magan beket ata ny tap

    1 Аскар   (28.11.2011 09:35)
    Жаксы саяхат болган екен.

    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
     Copyright MyCorp © 2016