ҰСТАЗДЫҚ - ҰЛЫ МАМАНДЫҚ (МӨЛТЕК СЫР) - Білім және ғылым - Каталог статей - Сабақтар, презентация, флипчарт, ҰБТ, МАБ, Рефераттар
Сенбі, 03.12.2016, 16:36
Приветствую Вас Қонақ | RSS
Главная | Каталог статей | Регистрация | Вход
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Менің мақалам [2]
Білім және ғылым [7]
Әдістеме [6]
География мұғалімдеріне әдістемелік көмек. сізде материал жібере аласыз!
Корзина
Ену

Ілмектер
Полигон ҰСТАЗДАР күні! жер cпорт математика Тест Алғашқы әскери дайындық мұғалім сабақ 5-11 сынып химия ұстазға көмек Өзін-өзі тану http://yadi.sk/d/7MPPn7vq08uSd информатикадан сабақ жоспарлары Сабақ жоспар сабақ жоспарлары поурочные планы по физике Астана қысқа мерзімді жоспар омж 7 сынып Географиядан кыска мерзімді жоспар әліппе орта мерзімді жосп әдебиеттік оқыту ашық сабақ 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ адам қоғам ЖОСПАР орта мерзімді жоспар құқық планы на казахском языке арзан сабақ жоспар сату информатикадан кембридж бағдарламасы сабак жоспар 5 сынып 5-9 сынып поурочный план сабак жоспарлар ЕНТ Бастауыш сынып Желтоқсан көтерілісі Тәрбие сағат Тарих ҰБТ Қазақ тілі 20 жылдық МАБ Күнтізбелік жоспар география 12-жылдық Абай Онлайн электронды сабақ ЭКОЛОГИЯ Тәрбие ұстаздар күні туризм Бақылау жұмысы Қазақстан тарихы «Квадрат теңдеулер» биология Сабақ жоспарлар оқушы мектеп ұстаз жоспарлар ашық сабақтар физикадан сабақ жоспары 5 сынып Қазақстан тарихы сабақ жосп технология пәнінен сабақ жоспарлары 6-7 сыныптан технологиядан сабақ жо 8 сыныптан технологиядан сабақ жосп 9 сыныптан технологиядан сабақ ж 5 класс поурочные планы по физике 7 класс 10-10 класс 8 класс 9 класс 6 класс жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу қысқа орта мерзімді жоспар 1 сынып дүниетану сабақ жоспарлар сайты 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ информатика қмж Ілмек: орта мерзімді жоспар БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ 6 сынып Қазақ тарихы 7 сынып тарих 8 сыныптарих по истори
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 5
    Қонақтар 5
    Пайдаланушылар 0


    .
    Главная » Статьи » Білім және ғылым

    ҰСТАЗДЫҚ - ҰЛЫ МАМАНДЫҚ (МӨЛТЕК СЫР)

    Осы арман жетегінде жүріп мектеп бітірген соң Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына оқуға түсіп, «математика пәнінің мұғалімі» деген мамандық алып шықты. Институт қабырғасында жүріп, «барлық шәкірттерімді математик етіп шығарармын-ау»-деп те армандайтынмын. Алайда, шәкірттерімнің бәрі «математик» болады-ау деген арманым тек маған ғана байланысты емес екеніне талай жылдық тәжірибем барысында көзім жетті. Бірақ, бұл олардың бәрі «математик» болмайды деген де сөз емес, өйткені институт қабырғасында жүріп, педагогикалық практикаға барған кезде Калинин ауылындағы Иллахун ағайдың барлық шәкірттері есептерді «диктант» жазғандай орындағандарына өзім куә болғанмын. Иллахун ұстаз бұл жетістігінің себебін төменгі сыныпта оқушыларды өзінің зайыбы оқытқанымен байланыстырған еді.
    Армандарымды іске асырамын деп, әуелі шәкірттерімді «парасатты азамат» одан соң ғана «математик» болсын деп еңбек етіп жатқаныма 30 жылдан астам уақыт болыпты.
    Бірінші ұстаз болып мектеп есігін ашып, жетінші сыныпта Лениндік сабақ өткізгенім, сондағы мектепте аты шыққан тентектің қылығы әлі күнге дейін алдымда. Шәкірттердің алғашқы сынынан сүріңбей өтуге, сол мектептегі жаны жайсаң Қайнікен апайдың бір ауыз сөзінің тектігі тиген еді: «Қарағым, ол сыныпта аты шулы бір тентек бар, абай бол» - деген еді. Сабақ басында тұрып құрмет көрсеткен соң, оқушылардың бәрі отырғанда, біреуі отырмай тұрып қалды; алайда апай айтқан тентек осы болар деген оймен оған назар аудармай сабақ жүргізе бердім. Өзінің «ерлік ісі» еленбей қалған тентек сабақ ортасында отыруға рұқсат сұраған еді. Әлі күнге осы бірінші күнгі кәдімгідей жеңісім менің келешек өміріме сәуле беріп, тығырықтан шығудың ұтымды да, екі жаққа тиімді жолдарының кез келген уақытта болатынына айғақ болып тұрғандай...
    Осылайша, қиындығы мен қызығы мол ұстаздық өмір басталып еді... Сол бір арманға толы ұстаздық өмірдің алғашқы жылдарында оқушыларға әдебиет пәнінен «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты еркін тақырыпқа шығарма жазу берілетін еді. Өзің болашағынан үміт күтетін шәкірттерімен бірге, көзге көп түсе бермейтін көптің бірі саналатын шәкірттерінің де өзіне арналған жүрек түбінен шыққан небір асыл сөздері мен теңеулері жан дүниенді астаң-кестеңдік, бақыт құшағына бөлеп мамандығына деген мақтаныш сезімін туғызған еді.
    Қазіргі уақытта өзімнің жолымды қуып шәкірт тәрбиелеп математикадан дәріс беріп жүрген шәкіртім Төлемісова Гүлнардың шығармасының қорытындысындағы:
    «Ұстазым, менің ұстазым
    Келеді менің тек сізге ғана ұқсағым»
    -деген өлең шумақтары бірнеше онжылдық өтсе де ұмтылған емес. Қиындығы мен қызығы бірдей ұстаздық өмірде қиыншылықтарды жеңуде шәкірттерінің өзіне деген махаббаты мен ыстық ықыластары ерекше көмек. Бірде ауырып жағдайын болмай оқушыларға тапсырма беріп қойып отырсаң, бір оқушым менің үстеліме қызыл алманы әкеліп қойып жатыр. Сондағы титімдей жүректің маған деген ыстық ықыласы мендегі бар ауруды қуып шыққан еді.
    Шәкірттердің тек қана ыстық ықыласы ғана емес, алаңғасар пәк қылықтары да жан дүниенді толқытып үлкен қуанышқа бөлейтін. Мендегі бір апасының еркесі жиі ауырып, сұранып кететін. Ал, сыныптастар келесі күндері: «Апай! Абілқайыр күнде ауырдым деп сұранып кетеді де, біз сабақтан қайтқанда ойнап жүреді»-дейтін. Сонда «ауырсаң жатпай, неге ойнап жүресің?»-деген сұрағыма оқушым: «Апай, менің басым ауылдың сауда орталығына дейінгі бөлігінде ғана ауырады, ары қарайғы бөлігінде ауырмайды демесі бар ма!».
    Бірнеше жыл тәлім-тәрбие беріп ержеткізген шәкірттеріңді үлкен өмірге шығарып салу да, жан дүниеңде үлкен толғаныс тудырады. Міне, осындай бір қимастық сезім ақындық шабыт та туғызған еді. Сондай бір толғаныс кезінде туған өлең жолдары төмендегідей:
    Жиырма бір өркенім,
    Жеті жыл баптаған.
    Өмірдің келесі асуына кеппіз-ау қалып,
    Монтиған, сол бір
    Алаусыз, аңғал балалықтан
    Хабар ермей тұр-ау
    Қазіргі саналы, тұнық сабырлы көзқарастарың
    Өмірдің заңы!...
    Сәбилер өсіп,
    Бозбала мен бойжеткен болатыны
    Бірақ, бірақ ...
    Бір сұрақ менің мазамды алды
    «Бойларың мен ойларың бірдей өсті ме?»-деген
    Парызбен бірдей қарызды ұққан
    Мейрімді, адал азамат өсіп шықты ма?-деген
    Делбені қағар, жанашыр жоқта
    Адаспай дұрыс жолдарын тауып,
    Өмірдің өзенінде, желкенін жықпай
    Арманның биік асуларын бағындырар ма екен?
    Жағада тұрмын сәт сапар тілеп желкендеріңді жықпай мақсаттарыңа жет деп... Сонда әрбір арман арқалаған ұстаз еңбегінің жемісті, жеңісті болуы неге байланысты деген сұрақ мазамды жиі алады. «Арман» деген нәзік сезім, өрлеп жанып өмір өзеніне айналу үшін, оның да тіршілік барысында қозғап, үрлеп, от салып қою қажет екен.
    Арманға от беретін тіршілік түйіндері: өзің пір тұтатын ұстазыңның, өмірінің сәнді, әрі мәнді болуы. Алайда, өзім пір тұтқан ұстазымның облыс орталығында үйсіз-күйсіз бірнеше жыл тұрып жатуы арманыңа от емес, су құйғандай. Сонда барлық жан біткен, небір жайсаңдар мен дүниенің кілтін ұстап тұрғандардың бәрі алдынан өткен ұстаз еңбегінің өтеуі қайда екен?!
    ... Болашақ ұстаздар арманына тек от беретін тірлік болады деген ізгі тілекпен жүріп жатқан жай бар.

    Категория: Білім және ғылым | Добавил: География (29.09.2011)
    Просмотров: 2353 | Теги: ҰСТАЗДАР күні! | Рейтинг: 4.0/2
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
     Copyright MyCorp © 2016