Сейсенбі, 03.11.2026, 08:17
Приветствую Вас Қонақ | RSS
Главная | Каталог файлов | Регистрация | Вход
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Тарих [32] Технология [6]
Биолоия [14] Информатика [14]
Қазақ тілі [6] Музыка. Бейнелеу [3]
Химия [7] Алғашқы әскери дайындық [9]
Руский язык [5] ҰБТ/ МАБ тестер [33]
Бастауыш сынып [9] Физика [22]
Экономика, құқық негіздері [7] Олимпиада тапсырмалары [6]
Математика [20] Дінтану [4]
Корзина
Ену
Ілмектер
экология полигон ҰСТАЗДАР күні! жер 5 сынып Сабақ жоспарлар Мектеп мұғалім Алғашқы әскери дайындық ашық сабақ информатикадан сабақ жоспарлары әліппе дене шынықтыру құқық технология пәнінен сабақ жоспарлары техника ұстазға керек зат сабақ жоспарлар сайты қазақ тілі мен қазақ әдебиетінене с поурочные планы по физике 7 класс Поурочные планы по технологий 5 кла Поурочные планы по Истори Казахстан Поурочные планы по Всемирное Истори Поурочные планы по самопознание 1-4 қысқа мерзімді жоспар ОМЖ жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу 6 сынып Қысқа кыска мерзімді жоспар 7 сынып Географиядан Орта мерзімді жоспар 1 сынып Дүниетану әдебиеттік оқыту орта мерзімді жосп жоспар орта мерзімді жоспар құқық адам қоғам 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ планы 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ на казахском языке сабак жоспар информатикадан қмж арзан сабақ жоспар сату Информатика кембридж бағдарламасы өзін өзі-тануғ дүние жүзі тарихы Бақылау жұмысы МАБ ұбт тест ент тәрбие сағат тарих бастауыш сынып Көбейту қасиеттері астана Желтоқсан көтерілісі математика Биология сабақ жоспарлары қазақ тілі Өзін-өзі тану география сабақ күнтізбелік жоспар 12-жылдық Онлайн электронды сабақ тәрбие Ұстаздар күні туризм Қазақ тарихы сабақ жоспар химия қазақстан тарихы көмек ұстазға көмек физикадан сабақ жоспары Ұстаз Оқушы жоспарлар Ашық сабақтар күнделікті сабақ жоспарлар поурочные планы по физике 6-7 сыныптан технологиядан сабақ жо БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ тарихы по истори 8 сыныптарих 5-9 сынып 7 сынып тарих сабак жоспарлар поурочный план
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 1
    Қонақтар 1
    Пайдаланушылар 0


    .
    Главная » Файлы » Басқа пәндер » Алғашқы әскери дайындық

    Халық Қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанова
    26.10.2009, 13:48

    Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді.

    Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Сұрапыл соғыс жылдары етік киген ер азаматтарға бергісіз ерлікке барған осындай қаракөз қазақ қыздарының батылдығын, батырлығын әсірелеп, әспеттеудің қажеті де жоқ шығар... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.

    Хиуаз Астраханьдағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар ма деп қалдық. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Міне, екеуіне ортақ қасиет. Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Алға қойған мақсатын қайтсе де орындауға дағдыланған ол, соғыс басталған жылдары Москвадағы Жуковский атындағы әскери-әуе Академиясына қабылданбай қалса да, медицина институтынан алған білімімен тылда еңбек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды.
    «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай.
    ...Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е.Пескова мен Х.Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанған-ды.
    Жасыратыны жоқ, Хиуаз апай соғыс жылдары тірі қалғанына қайран қалатынға ұқсайды. Ол кісінің олай дейтін жөні бар. Оғы тек жерде ғана емес, көкте де күні-түні атқылаған жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз апай ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Айта берсе, ол кісінің майдандағы ерлігі бір мақалаға сыймайды да. Бір білетініміз, ол жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. Бейбіт өмірде көрсеткен еңбегіне де қысқаша тоқтала кетсек, артық етпес. Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылды. Мұның бәрі апамыздың өзі айтқандай «әрекетсіз отыра алмайтындығының» белгісі.
    Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.

    Бала сүйіп, сүйікті әже атанып отырған Хиуаз апай Соғысты Берлин түбінде аяқтаған ол Жеңіс күнін Москваның Қызыл Алаңында тойлағанды армандаған екен. Ол арманына да жетеді. Енді міне, арада 63 жыл өтті. Белгілісі бар, белгісізі бар, Ұлы Отан соғысының кез келген қаһарманының ерлігі мен бейнесі тарих беттерінде мәңгі сақталып, ұрпақ алдында қашанда асқақ көрінетініне кәміл сенуге болады.
    2008 ж. мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

    ТІРІ ҚАЛҒАНЫМА ТАҢҒАЛАМЫН» ДЕЙДІ АСПАННАН 14 РЕТ ҚҰЛАҒАН «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» ХИУАЗ АПА

    Категория: Алғашқы әскери дайындық | Добавил: География
    Просмотров: 5942 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
     Copyright MyCorp © 2026