БАЯНАУЫЛ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ
Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Министрлер кеңесінің № 276 қаулысымен 1985 ж. 12 тамызда Павлодар облысында Баянауыл ауданында, елімізде тұңғыш рет - Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк ұйымдастырылды. Табиғаты әсем таулы-орманды, ұсақ құмды Баянауыл ұлттық паркі Қазақстан жерінің 68452,8га алып жатыр, оның 12927га - орман алқабы. Ұлттық парк үш орманшылыққа бөлінген: Баянауыл – 19188га, Жасыбай – 22094га және Далба – 8596га, сонымен қатар 17764,8га жер қосылып, парк аумағы кеңейтілді.