Қазақ халқының жоңғар агрессиясына қарсы
қажырлы күресі, жалпыхалықтық қайғы мен өкінішпен қатар, қазақ батырларының жеңісі
мен ерлігін дүние жүзіне әйгілі етіп, ұлы апат жылдары мен сын сағатта халықтың
рухын көтеріп, бірігуіне әсерін тигізді . Халық есінде қалған бұл жылдар - көптеген
эпикалық аңыздар мен тарихи әңгімелер туғызды. Сол қайғы-қасіретке мол кезеңнің
ең жарқын, әрі әйгілі оқиғасы - арал маңындағы Қарақұмда өткізілген Кіші және
Орта жүздің халық қалаулылары қатысқан құрылтай болды. Бұл жиында күшті жауға
қарсы қазақтардың әскери күштерін біріктіру мәселесі қаралды.
Құрылтай
туралы естелік, бізге орыс саяхатшысы Яков Петрович Гавердовскийдің 1803 жылы
Солтүстік Арал маңында болып, әйгілі Қарақұм форумына қатысқан адамдардың
балалары мен немерелерінің аузынан жазып алған қолжазбасы арқылы белгілі болды.