Көшпелі
мал шаруашылығы жағдайында шаруашылықты сумен қамтамасыз ету - кезек күттірмейтін
мєселелердің қатарында саналды. Қыстаулар өзен аңғарлары мен қалың қамыс қоршаған
көлдердің, сондай-ақ тау бөктерлерінде орын тепті. Мұндай жерлерде малды қысты
күні қорекпен қамтамасыз етумен қатар суға тапшылықты оңай шешуге мүмкіндік
туатын. Көктемде қар суы мен жауын-шашыннан жиналған табиғи су қоймалары малды
сумен қамтамасыз етуге жағдай жасады .
Қазақстанның солтүстігінде өзен, көл, бұлақтар мен
батпақты жерлер көп кездеседі . Бұл аймақта жер асты суларының жер бетіне жақын
орналасуы құдықтардың кең таралуына жағдай жасады. Орманды алқаптарда құдықтардың
қабырғасына қайың бөренелерді "құлыптап" орналастыратын болған.
Жекелеген аймақтарда құдықтардың қабырғасы таспен қаланып жасалатын болған . Су
жер бетіне жақын орналасқан таяз құдықтарды кең етіп қазылатын болған. Мұндай құдықтарда
су көп жиналып, олардан суды теріден жасалған қауғамен батырып алатын болған