(1711 -
1781) Абылай (Әбілмансұр) - мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат, қазақ
жерлерін біріктірген әйгілі хан . Ол Орта жүз сұлтандарының кіші тармағынан
тараған. Қазақ ханы Әбілмәмбеттің немерелес туысы.
1739
жылы Абылай Орынборда болып, Ресейдің боданы болуға ант берген. Атасы Абылай Түркістан
қаласының билеушісі болған кезінде жасаған әскери іс-әрекеттеріне байланысты
халық арасында "Қанішер" деген үрейлі, әрі сыйлы атауға ие болған.
Оның баласы Уәли әкесінің даңқын ұстап тұра алмады. Көрші билеушілердің бірі Түркістанды
басып алып, әкесін өлтіргенде, ол үш жасар Әбілмансұрды сенімді құлы аман сақтап
қалады. Құл Әбілмансұрды қаладан жасырын алып шығып, далаға қашады. Жақын
туыстары қамқорлығына алудан бастартқан соң, жас Абылай Төле бигеқызметке кіріп, жылқысы мен түйесін баққан.