Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының бірі - Бұқар
жырау шамамен 1668 жылы дүниеге келді . Ақынның єкесі Қалқаман батыр өзінің
ерлігі мен батырлығы арқасында қазақ даласына аты шыққан болатын. Бұқар жырау өз
ортасынан жастайынан-ақ ерекшелене білді. Ол Тєуке ханның беделді билерінің
бірі болды. Бұқар жырау өз өмірінің көп бөлігін кедейшілік тұрмыста өткізді.
Оныңжасы алпыстан асқан кезде, қазақ
билеушілерінің ішінде жас Абылай сұлтан көзге түсе бастаған еді. Кейіннен
Абылайжырауды өзіне ұстаз тұтқан еді.
Осы кезеңнен бастап Бұқар халыққа ұлы жырау кейпінде таныла бастады. XVIII ғ.
ортасында ол Абылай ханның кеңесшісінен Қазақ хандығының басты идеологына
айналды .