Қыпшақ Бейбарыс Египетті 17 жыл билеген. Оның
толық аты-жөні әл-Мәлік аз-Зәкір Рух-ад-дин Бейбарысәл-Бундукдари әл-Салихли. Ғалымдардың пікірі
бойынша Бейбарыс 1223 жылы Каспий теңізінің батыс жағалауында дүниеге келген . Қыпшақ
тайпасынан шыққан. 1277 жылы Сирия қаласы Дамаскіде қайтыс болған. Ол Египет
пен Сирия сұлтандарының ішінде ең атақтысы, ең сыйлысы болған. 1260 пен 1277
жылдар аралығында осы мемлекеттерді басқарған. Ол халық арасында крестшілер мен
монғолдарды жеңген билеуші болумен қатар, игілік жасаушы реформатор кейпінде де
атағы шыққан болатын. Халық аузында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан
"Бейбарыс сұлтан" әңгімесі араб ауыз әдебиеті творчествосы -
фольклордың озықшығармасы болып
табылады. Ал Бейбарыс сұлтанның аты халық арасында билеуші, әрі батыр ретінде
кең танымал екендігін көрсетеді. Ол жайлы шығарылған бұл әңгімені шежірешілер
халық көп жиналған алау маңында айтып беретін .