Орта
Азия - түріктердің заңды, туған жері, олардың ата-бабаларының жері. Мұсылмандық
тарихи кітаптарда және ертедегі қолжазбаларда бұл жерлер "Тұран
мемлекеті" деп аталады. Түріктердің өздері де олардың ата-бабалары ежелгі
уақыттарда Хан-Тәңірі тауында және Алтайда тұрған деседі. Егер Хан-Тәңірінің
Іле Алатауында екенін, ал Алтай таулары да Алатау сияқты екенін ескерсек,
олардың айтқандары шындыққа толық сәйкес келеді. Сондықтан түріктер Орта Азияны
өзінің қасиетті жері, туған мәдениеті мен тарихының кіндігі, барлық түрік халықтары
мен тайпалары бастау алатын жер деп есептейді.