Ұлы
Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі..
Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен
Азияны қым-қиғаш кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары
мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін
атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Б.д.дейінгі 2 ғасырдың ортасында пайда болған Жібек жолы , егер Шығыстан
жүрсек, Қытайдан (Чаньани) басталады да, Ланчжоу ауданында Хуанхе асуы арқылы
өтіп, одан әрі Нан-Шаньнің солтүстік сілемдері арқылы ұлы Қытай қабырғаларының
батыс шетіне және "Яшмалық қақпалар бекетіне" жетеді . Такла-Макан
шөлін солтүстіктен және оңтүстіктен жиектей отырып, бұл жерде бірыңғай жол
тармақталады. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле
өзені даласына тартады. Ортаңғысы - Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға және Бедел асуы
арқылы Ыстық көлдің оңтүстік жағасына тіреледі. Оңтүстігі - Дунхуан, Хотан, Жаркент
арқылы Бактрияға, ‡ндістан мен Жерорта теңізіне келеді. Бұл "Оңтүстік
жол" деп аталады. Ал "Солтүстік жол" Қашқардан Ферғанаға және
одан әрі Самарқантарқылы Бұқараға ,
Мерв арқылы Хамадан мен Сирияға асады.