Скиф
жеріне жорығы кезінде парсы патшасы І Дарий әрбір есте қалар елді мекендерде
немесе оның қөзқарасынша есте қалдыру қажет болған оқиғалар өткен жерлерде өзінің
болғандығын білдіретін "із" қалдырып отырған. Мысалы, Дарий әскерлері
қалқымалы көпір салған Понт (Қара теңіз) арқылы өтетін қылтада парсылар патшасы
жағалауда ақ тастан екі стела қоюға және Дарий патшаны, оның скифтерге жасаған ұлы
жорықтарын және әскерлерін мадақтайтын біріне ассирииялық, екіншісіне грек
жазуымен оюлауды бұйырады. .