Жоңғарлар немесе ойраттар тарих пен тарих ғылымында
XIII ғасырда белгілі болды. Ойраттар Батыс Монғолия жерін мекендеді. Ойрат
тайпалары Шыңғыс ханның билігін ерікті түрде мойындағаннан кейін, ұлы қаған әскерінің
сол қанатын құрады, яғни сол қанатының құрамына кірді. Сол кезеңнен бастап
оларды "жоңғарлар" деп атай бастады. Зюнгар сөзі - көне монғол
тілінде сол қанат, сол бөлік, сол жақ - деген мағынаны білдіреді. Сол себептен
"Жоңғар" сөзі топонимге және көшпелі ойраттар мемлекетінің атын (Жоңғария)
білдіретін географиялық терминге айналды .