Жексенбі, 01.11.2026, 13:24
| RSS
| | Менің профилім |  Форум | Қонақ кітабы| Шығу 
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Корзина
Ену
Ілмектер
экология полигон Қазақ интернет ҰСТАЗДАР күні! жер Құрбан айт. 5 сынып мерзімді жоспарлар Мереке Сабақ жоспарлар Мектеп Алғашқы әскери дайындық мұғалім ашық сабақ информатикадан сабақ жоспарлары әліппе технология пәнінен сабақ жоспарлары сабақ жоспарлар сайты поурочные планы по физике 7 класс Поурочные планы по технологий 5 кла Поурочные планы по Истори Казахстан Поурочные планы по Всемирное Истори қысқа мерзімді жоспар ОМЖ жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу 6 сынып Қысқа кыска мерзімді жоспар Географиядан 7 сынып Орта мерзімді жоспар Дүниетану орта мерзімді жосп әдебиеттік оқыту 1 сынып Тарих пәнінен орта мерзімді жоспарл 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ жоспар 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ планы адам қоғам 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ орта мерзімді жоспар құқық на казахском языке сабак жоспар қмж информатикадан арзан сабақ жоспар сату Информатика кембридж бағдарламасы дүние тарихы Бақылау жұмысы МАБ ұбт тест ент тәрбие сағат тарих Қарахан мемлекеті бастауыш сынып астана Желтоқсан көтерілісі туған жер мемлекеттік рәміздер математика Биология сабақ жоспарлары қазақ тілі Өзін-өзі тану география сабақ күнтізбелік жоспар 12-жылдық Онлайн электронды сабақ тәрбие Ұстаздар күні туризм Қазақ тарихы сабақ жоспар химия қазақстан тарихы «Квадрат теңдеулер» ұстазға көмек физикадан сабақ жоспары Ұстаз Оқушы білім қазақ тілінен сабақ жоспар жоспарлар Ашық сабақтар поурочные планы по физике 8 класс БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ 5-9 сынып по истори поурочный план сабак жоспарлар 8 сыныптарих 7 сынып тарих
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
«  Ақпан 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 1
    Қонақтар 1
    Пайдаланушылар 0


    .
    Басты » 2010 » Ақпан » 01

        Елімізде әлемнің көрнекті ғалымдарын тарту үшін арнайы қор құрылады - Мемлекет басшысы
    АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде әлемнің көрнекті ғалымдарын тарту үшін арнайы қор құрылады.
       Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды қызмет етуі тиіс. Ал 2020 жылға қарай бұл жүйе елімізде өңделіп енгізілетін патенттер, дайын технологиялар ретінде нәтижелер беруі шарт. Білім беру саласындағы ерекше басымдық Астана қаласында құрылатын бірегей оқу мекемесіндегі жобаларға қатысты болады. Бұл жаңа халықаралық университет алғашқы 700 оқушыны дайындық курсынан өткізу үшін ағымдағы жылдың шілдесінде өз есігін ашады. Университеттен басқа, елімізде арнайы қор құрылатын болады. Ол бойынша көрнекті ғалымдарды тарту мен ұстаздар үшін арнайы жағдайлар жасау қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, осы университетке балаларды дайындау мақсатында зияткерлік мектептер бүгінгі күні Астанада, Көкшетау мен Семей қалаларында қызмет етіп жатыр. Мен бұл нысанға Президенттің атын беруге келістім. Ал олардың отандық білім жүйесінің флагманына айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», деді Н. Назарбаев Ғылым туралы заң қабылданғаннан кейін бұл салада үлкен өзгерістер болады - Жолдаудан кейінгі пікір
         АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Жолдау міндеттерінде білім және ғылым саласын дамыту бойынша басымдықтар ескерілді.
         Бұл туралы бүгін Елбасының Қазақстан халқына жасаған Жолдауынан кейінгі брифингте Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «Елбасы Жолдауындағы білім беру мен ғылым саласы үшін басты мәселенің бірі - ол сәуір айынан бастап біздің қызметкерлер үшін жалақы көлемін арттыру, екінші мәселе Елбасы 2020 жылға дейін мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелерді 100 пайызға қамтамасыз ету мақсаты қойылды», деді министр.
        Осы орайда Ж. Түймебаев, қазіргі кезде балабақшамен қамтамасыз ету 38,5 пайызды құрайтынын атап өтті. «Атап айтқанда, алдымызда үлкен жұмыстар тұр, осы қойылған міндеттерге біз белсенді түрде кірісетін боламыз», деді министр.
         Сонымен бірге Ж. Түймебаев, ғылым саласына да ерекше екпін қойылғанын айта келе, «Ғылым туралы заң талқылану үстінде. Атап айтқанда, бұл заңды құжат әлемдік және халықаралық талаптарға сай дайындалып жатыр. Сондықтан осы заңға орай ғылым саласында үлкен өзгерістер болмақ», деді ведомство басшысы. Мемлекет басшысы Үкіметке мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ететін «Балапан» атты бағдарлама әзірлеуді тапсырды
         АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ететін «Балапан» атты бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
    «Алдағы бес жыл ішінде Үкімет металл өнімдерінің экспортының екі есеге артуын қамтамасыз етуі тиіс. Ал 2015 жылға қарай бюджет кірістері жаңа жобалар есебінен 400 млрд. теңгеге дейін өсуі керек. Бұл ретте шикізат секторына тәуелділік те төмендей түсуі шарт », деді Н. Назарбаев.
         Сонымен бірге, Елбасы ел экономикасын жаңғыртудың тиімді жүргізілуі ең алдымен қазақстандықтардың біліміне, көңіл күйлеріне де тікелей байланысты екендігін атап өтті. «Сондықтан да 2020 жылға қарай барлық, ауылдық және қалалық жерлердегі балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерімен қамтамасыз етілуі шарт. Бұл үшін біздің мүмкіндіктеріміз де, мемлекеттік-жеке әріптестіктің әлеуеттері де жеткілікті. Жеке, отбасылық балалар бақшасы, арнайы шағын орталықтар мемлекеттік мекемелерге балама бола алады. Осыған орай, Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып «Балапан» атты бағдарлама әзірлеп, оны ағымдағы жылдан бастап жүзеге асыруға кірісуді жүктеймін. Аталған бағдарлама балаларды мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз ететін болады», деді ол. 2020 жылға дейін 12 жылдық білім беру жүзеге асуы тиіс - Мемлекет басшысы
        АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2020 жылға дейін 12 жылдық білім беру жүзеге асуы тиіс. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
         «Үкімет 2020 жылға қарай орта білім беру жүйесінде 12 жылдық оқыту жүзеге асуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. Ал кәсіптік-техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделуі шарт. Бұның өзі экономиканың сұраныстарына қатаң өзара байланысуы керек. Сондай-ақ жоғары білім беру сапасы халықаралық талаптарға сай келуі керек. Еліміздің жоғары оқу орындары әлемнің алдыңғы қатарлы университеттердің рейтингінен көрінуге ұмтылулары шарт. Ал егерде бұндай ұмтылыстар байқалмайтын болса, онда жоғары оқу орындарының не қажеті бар? Сондықтан да, біздің балаларымыз рейтингтерге жауап бере алмайтын оқу орындарында білім алғысы келе ме деген мәселені әркім ойлануы тиіс», деді Н. Назарбаев.
    30.01.2010
    http://www.portal.edu.kz

    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 6792 | Қосқан: География | Уақыт: 01.02.2010 | Пікірлер (1)
     Copyright MyCorp © 2026