Сейсенбі, 03.11.2026, 02:45
| RSS
| | Менің профилім |  Форум | Қонақ кітабы| Шығу 
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Корзина
Ену
Ілмектер
экология полигон ҰСТАЗДАР күні! жер 5 сынып Сабақ жоспарлар Мектеп мұғалім Алғашқы әскери дайындық ашық сабақ http://yadi.sk/d/7MPPn7vq08uSd информатикадан сабақ жоспарлары әліппе технология пәнінен сабақ жоспарлары сабақ жоспарлар сайты поурочные планы по физике 7 класс поурочные планы по ф поурочные план Поурочные планы по технологий 5 кла открытый урок Поурочные планы по Истори Казахстан Поурочные планы по Всемирное Истори қысқа мерзімді жоспар ОМЖ кыска мерзимди жоспарды жуктеу жүктеу Қысқа 6 сынып кыска мерзімді жоспар 7 сынып Географиядан Орта мерзімді жоспар орта мерзімді жосп 1 сынып Дүниетану әдебиеттік оқыту ГЕОМЕТРИЯДАН жоспар планы 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ орта мерзімді жоспар құқық адам қоғам 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ сабак жоспар на казахском языке қмж арзан сабақ жоспар сату информатикадан Информатика кембридж бағдарламасы Бақылау жұмысы МАБ ұбт тест ент тәрбие сағат тарих бастауыш сынып орыс тілі астана Желтоқсан көтерілісі математика Биология сабақ жоспарлары қазақ тілі Өзін-өзі тану география сабақ күнтізбелік жоспар 12-жылдық Онлайн электронды сабақ тәрбие Ұстаздар күні туризм Қазақ тарихы сабақ жоспар химия дидактика отбасы қазақстан тарихы ұстазға көмек сабақ жоспарлырі дүние тарихы физикадан сабақ жоспары Ұстаз Оқушы музыка пәнінен бейнелеу пәнінен сабақ жоспарлар әдебиеттен сабақ жоспар жоспарлар Ашық сабақтар География пәнінен сабақ жоспарлар поурочные планы по физике БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ тарихы сабак жоспарлар 5-9 сынып 8 сыныптарих 7 сынып тарих по истори поурочный план
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 1
    Қонақтар 1
    Пайдаланушылар 0


    .
    Басты » 2010 » Желтоқсан » 25

    Білім беру порталы ашылды.

    Павлодар облысы әкімшілігі, білім басқармасы, ақпараттық орталық және Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтымен бірігіп жаңа облыстық білім беру порталын іске қосты.
    Портал жұмысының мақсаты облыстың шығармашыл ұстаздарының басын біріктіріп, білім беру үрдісіне ақпараттық техологияны насихаттап енгізу болып табылады.   Өкінішке орай білім беру порталы қазіргі уақытта орыс тілінде жұмыс жасайды.
     Алдағы уақытта портал ҚАЗАҚ тілінде жұмыс жасайд деген үміттеміз. Ғаламтордағы білім беру порталының жұмысына сәттілік тілейміз!

    http://www.ertisbilimi.ppi.kz
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 2681 | Қосқан: География | Уақыт: 25.12.2010 | Пікірлер (2)

    Парламент мәжілісінде депутат Бекболат Тілеухан Үкімет басшысы мен Білім және ғылым министріне қос сауалнама жолдады. Тақырып – тоза қалса қоқыс дорбасына айналған Көкбайрағымыз және «Дарвинизмнің» тозығы жеткен іліміне тоқтау салу болды.
    «Осылай кете берсе ертең Туың
    Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?!»
    «Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Ту – кез келген мемлекеттің айбыны, елдігінің белгісі, тәуелсіздігінің бейнесі болған рәміз. «Ту құлау», «Байрағы жығылу» деген ұғым – ел үшін аса ауыр есептелетін құбылыс. Екі ел соғысқан кезде жеңістің белгісі – жаудың туын жығып, өз туын тігу. Өзі қансырап өліп бара жатса да, туын жықпай тістеніп өлген тарихта қаншама ерлер болған.
    Біз кешегі Рейхстагқа ту тіккен Рақымжанның ұрпақтары едік. Намысшыл едік. Арлы едік.
    Ал, бүгін Тәуелсіздік тойының Жаңа жыл мерекесінің көлеңкесінде қалуы менің әріптестерімді ғана емес, барлық ақпарат құралдарының, елдің біраз наразылығын тудырғанын білесіздер. Біз осылай ренжіп жүрген кезде, тағы бір сорақылықтың көкесі Талдықорғанда болды. Шаһардың қалабезендірушілері мен көше тазалаушылары Жаңа жыл қарсаңында қарбаласқандығы сондай, Туға сүрініп жүгіріп жүр. Кәдімгі Ақорданың айбынын асқақататып тұрған, Қазақстанның қадірлі Туынан дорба тігіп, қоқыс тасып жүр. (14-желтоқсанда «Жетісу» газетінің сейсенбілік нөмірінде жазды. Суреті «Намыс.kz» сайтында жарияланды. 20.12.2010 ж.)
    Мұны істеп жүргендер «Жигули» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері. Орталық алаңдағы шыршаны сәндейтін ойыншықтарды да осы қапқа салып сүйреп жүрген серіктестіктің безендіру бойынша қызметкері Светлана Друзина мен көгалдандыру бойынша жұмыскері Галина Краскова «Бұл ту ескіріп қалған екен, сондықтан бір іске жарап кетсін деп пайдаланып жатырмыз» дегеніне не деуге болады.
    «Намыс.kz» сайтында жарияланған мақала соңындағы форумға қарасаңыздар, елдің наразылығынан туған мынандай өлең жолдары бар:
    «Бабамның тіккен Туы Ордасына,
    Айналды Аяз ата дорбасына!
    Осылай кете берсе ертең туың
    Кім кепіл «еден жуғыш болмасына?! – деп зарлайды.
    Тәуелсіз елдің байрағын, қыран қалықтаған – көк туымды біресе дамбал, біресе дорба қылған зымиян әрекеттерге тоқтау салатын нақты тетік табудың уақыты әбден жеткен секілді!»
    Оқушылар қай сөзімізге сенбек?
    Бүгінгі таңдағы мектептердегі оқу бағдарламаларындағы қайшылықтар сауалымызға өзек болып отыр. Бұл мәселеге назар аудару қажеттілігінің уақыты жеткен секілді. Айтқалы отырған мәселеміз – дарвиндік теорияның әлі де оқу бағдарламасында салтанат құруы. Әлемге үлгі болған АҚШ секілді мемлекеттің өзі 1935 жылдан бастап дарвинизмді ұсынуды заңмен тыйған болатын. Жалпы, дарвинизмнің ғылыми факт ретінде танылуының негізгі себебі – Маркстік-лениндік философияны (МЛФ) ұлықтау қажеттілігінен туындаған Советтік идеологияның талабы болатын. Ал, бүгін МЛФ келмеске кетті.
    Сондай-ақ, дінтану пәнінің Қазақстан мектептерінде беріле бастауы – дарвиндік теорияға мүлдем керағар.
    Жаратылыстану, тарих секілді пәндерден маймылдан тарап, енді келесі пәнде құдай жаратты деп дәріс алған бала қай сөзімізге сенбек?!
    Ұрпақты өтірікке тәрбиелеу мектеп қабырғасынан басталмақ па?!
    Ғылыми шындық, ілімдегі әділеттілік қашан салтанат құрмақ?
    «Балаларымызды қай бағытқа бейімдейміз?!» деген сынды сайлаушыларымыздың сансыз сауалына нақты жауап беретін уақыт келді. Осындай уақыт күттірмейтін маңызды мәселеге айрықша назар аударып, шешуімізді өтінген сайлаушыларымыздың талабын жеткіземін.»

    http://www.namys.kz/?p=1839
    Бекіту:
    Санат: | Қаралды: 2085 | Қосқан: География | Уақыт: 25.12.2010 | Пікірлер (0)
     Copyright MyCorp © 2026