Дүйсенбі, 02.11.2026, 19:21
Приветствую Вас Қонақ | RSS
Басты | | Регистрация | Вход
Сайт мәзірі
Бөлімдер
Корзина
Ену
Ілмектер
экология полигон ҰСТАЗДАР күні! жер 5 сынып Орта дш дарвинизм Сабақ жоспарлар Мектеп Алғашқы әскери дайындық мұғалім ашық сабақ ұстаздарға көмек информатикадан сабақ жоспарлары әліппе керек технология пәнінен сабақ жоспарлары сабақ жоспарлар сайты оқушы сабақ поурочные планы по физике 7 класс Поурочные планы по технологий 5 кла Поурочные планы по Истори Казахстан Поурочные планы по Всемирное Истори қысқа мерзімді жоспар ОМЖ жүктеу кыска мерзимди жоспарды жуктеу Қысқа 6 сынып Географиядан 7 сынып кыска мерзімді жоспар Орта мерзімді жоспар Дүниетану 1 сынып орта мерзімді жосп әдебиеттік оқыту орта мерзімді жоспар құқық жоспар планы 11 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ адам қоғам 10 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ 9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ на казахском языке сабак жоспар Информатика информатикадан қмж арзан сабақ жоспар сату кембридж бағдарламасы Бақылау жұмысы МАБ ұбт тест ент тәрбие сағат тарих бастауыш сынып Жануарлар Көбейту қасиеттері астана Желтоқсан көтерілісі математика презентация Биология сабақ жоспарлары қазақ тілі Еңбең Өзін-өзі тану география сабақ күнтізбелік жоспар 12-жылдық Онлайн электронды сабақ тәрбие Ұстаздар күні туризм Қазақ тарихы сабақ жоспар химия қазақстан тарихы тәрбиес ұстазға көмек физикадан сабақ жоспары Ұстаз Оқушы жоспарлар Ашық сабақтар поурочные планы по физике 5 сынып Қазақстан тарихы сабақ жосп 9 класс БИОЛОГИЯ ОРТА МЕРЗІМДІ по истори 5-9 сынып 7 сынып тарих поурочный план сабак жоспарлар 8 сыныптарих
Іздеу
Заработок на сайте
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2009  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Мұрағат
Сауалнама
Шағын чат
Сайт достары
  • Ашық сабақ сайты
  • Биология пәнінен сайт
  • АӘД пәнінен сайт
  • Физиктерге арналған блог
  • Информатиктер сайты
  • Қазақша рефераттар
  •  
  • Мәлімет

    Онлаинда 3
    Қонақтар 3
    Пайдаланушылар 0


    .
    Басты » 2009 » Желтоқсан » 12 » Қазақстанда тұңғыш рет 600-ден аса домбырашы күйлерді бір мезетте күмбірлетті
    12:00
    Қазақстанда тұңғыш рет 600-ден аса домбырашы күйлерді бір мезетте күмбірлетті
    Кеше Алматыдағы Оқушылар сарайында Тәуелсіздік күні құрметіне арналған «Домбыраның күмбірі - халқымыздың бірлігі» атты күй кешінде Қазақстанда тұңғыш рет 600-ден аса домбырашы күйлерді бір мезетте күмбірлетті,деп хабарлайды
    Күй кешіне қаладағы жоғары оқу орындары мен музыкалық мектептердің оқушыларынан тұратын 640 домбырашы қатысты. Олар қазақ күйінің құдыретін танытар «Сарыарқа», «Адай», «Қосалқа», «Саржайлау», «Балбырауын» сынды шығармаларды орындады. Сондай-ақ күйшілерге жетекшілік еткен Қаршыға Ахмедияровтың «Күй ұран» атты күйі де тартылды. Қатысушылар алдын ала іріктеуден өтіп, 3 ай бойы дайындалған. Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға арнайы Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері де шақырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олар кітапқа енгізу жөніндегі жауапты бір жарым айдан кейін береді.
    «Жүздеген домбырашының бір сәтте, бір екпінмен рухты күйлерді орындауы - ұлт ретіндегі даусымыздың бір жерден шығатындығын, бір мүддеге халық болып жұмыла алатындығымызды айқындайды. Домбыраның күмбірі халық мүддесін бір арнаға бұрып, ортақ ойға ұйыстыратын рухани күшке айналатынына сеніміміз мол. Бұл шара жастарымыздың ұлттық сезімін, халқымыздың отаншылдық рухын нығайтуды көздейді», дейді шараны ұйымдастырушы, «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төрағасы Айдар Қырықбай. Оның айтуынша, бұл дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылмақ. «Мақсатымыз - шараға қатысушылардың қатарын арттырып, мыңдаған домбырашыға жеткізу. Биылғы жоба Алматы қаласын қамтыды, келешекте бүкіл ел ауқымын қамтуды көздейміз», деді А.Қырықбай.
    «Бүгінгі күй кеші қазақ рухын асқақтатқан кеш болды. Бұл шара үлкен бастаманың басы. Қазақтың бірлігінің негізі - қазақтың күйлерінде. Жоспарда 2000 емес, 20 000 домбырашының басын қосып үлкен концерт ұйымдастыру ойымызда бар», деді күйшілерге жетекшілік еткен Қазақстанның халық әртісі Қаршыға Ахмедияров.
     

    http://inform.kz/kaz/article/2219207
     Қаралды: 1968 | Қосқан: География | Рейтинг: 0.0/0
    Барлық пікірлер: 0
    Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
    [ Регистрация | Вход ]
     Copyright MyCorp © 2026