География пәнiнен 6 - 10 кластарға арналған бақылау жұмыстары базистiк оқу жоспарына сәйкес жасалынды. Бақылау жұмыстары деңгейлiк тапсырмалардан құралған. Бақылау жұмыстарына 45 минут берiледi. Бақылау жұмыстары нолдiк, тоқсандық, жылдық бақылау жұмыстарын қамтиды.
Бағалау параметрлерi:
• I деңгейдiң сұрақтарына толық және II деңгейдiң бiр ғана сұрағын немесе толық орындамаған кезде, тек қана III деңгейдi орындаған, оны толық орындай алмаған, тек қана II деңгейдi орындаған оқушы «3» бағасымен бағаланады. • I және II деңгейдiң сұрақтарын толық орындаған, III деңгейдiң сұрағын толық орындай алмаған оқушы, тек қана III деңгейдi және I деңгейдi орындаған жағдайда «4» бағасы қойылады. • I, II, III деңгейлердi толық орындаған оқушы ғана «5» бағасымен бағаланады