Табиғи аудандастыруы бойынша ұлттық парк Баянауыл құрғақ-далалы таулы-шоқылы облысқа, негізгі ормандары граниттерде орналасқан жартасты Баянауыл тауларына жатады. Банауыл таулары негізінен доға тәріздес пішінге ие. Кейбір жекелеген тау жоталары және кесек үстірттері орташа тауға жатады. Барлық массивтің ең биігі – Ақбет тауы (1027м). Гидрографиялық торабы көлдермен және Баянауыл тауларынан бастау алатын көптеген өзендермен, бұлақтармен көрсетілген.
|