XIII ғасырдың
ортасында Шығыс Дешті Қыпшақта құрылған Ақ Орда мемлекеті XV ғасырдың
1-ширегіне дейін өмір сүрді . Бұл мемлекетЖошы ұлысының шығыс жағында орналасты . Ақ Орда мемлекетінің негізін
Жошының үлкен ұлы - Орда Ежен салған еді. Бастапқы кезде Ақ Орданың құрамына
Жетісудың солтүстік -шығысы, ұлытау мен Кентау (ұлытау - бүгінгі Жезқазған
облысында, Кентау - бүгінгі Оңтүстік Қазақстан, Түркістан қаласы маңында),
сондай-ақ Ертіс өзені бойы кірді. ұзақ уақыт Ақ Орданың саяси орталығы Ертіс өзені
мен Алакөл маңында болды. Кейіннен хан ордасы Қазақстанның оңтүстігіне Сығанақ қаласына
көшірілді.