Ертедегі
түрік жазуын ұқсастыру ең күрделі және қиын проблемалардың бірі, өйткені бұл тақырып
бойынша ол дерек көздерінің өте жұтаңдығымен ғана емес, сонымен бірге соңғы уақытқа
дейін көпшілігінде көшпенділердің жазба мәдениетін, жазба (зайырлы) әдебиетін
жоққа шығарып келген ғалым ағайындардың көп ғасырлық теріс түсінігімен де қиындатылып
келді. Әсіресе бұл проблеманы дұрыс түсінуге ХІХ ғасырдың шығыстанушы ғалымдары
үлкен зиян келтірді. Олар ертедегі түрік халықтарының кітаптық (баспаханалық) өнімдерін
таппастан, олардың, оның ішінде көшпенділердің жалпы мәдениеті болмағандығы
туралы қорытындылар жасаған. .