үйсіндер
ең ежелгі қазақ руларының бірі болып табылады , олардың тарихы уақыт жөнінен ұзақ
және оқиғаларға өте бай .
Тарихи
куәліктер мен құжаттарға жүгінейік. Тұңғыш рет үйсіндер аты Мөде қағанның
(б.д.дейінгі 176 ж.) қытай императорына жазған хатында еске алынады. "Хань
әулетінің кітабында", ғұндарға қатысты бөлімінде былай делінеді: "Біз
оң қанат уәзіріне тапсырма бердік, оны батыс юечжилерді жаулап алуға аттандырдық.
Тәңір біздің жағымызда болды, қолбасшы шебер, әскер батыл, атты әскер ұшқыр
болды, юечжилерді ол жойды ... Лоуландарды, үйсіндерді, юечжилерді, ал солармен
бірге 26 көрші халықтарды ол хуштарға толық бағындырды. Осылайша садақ тартатын
халықтар (көшпенділер) біріктірілген еді. Жапон ғалымы К.Ширатари: "үйсіндер
Лоулан халықтарымен бірге аталғандықтан, үйсіндер Лобнор (қазір ол жерде қытай
атом полигоны бар) жерінде өмір сүрген болып шығады",-деп жазады.