ӘМІР
ТЕМІРДІҢ (1336 - 1405 жж.) ЖАУЛАП АЛУ ЖОРЫҚТАРЫ
XIV ғасырдың
ортасында Алтын Орда мен Шағатай мемлекетін ыдыратуға итермелеген процестер
басталды. 50-60 жылдары түркі-монғол билеушілері арасында тақ үшін күрес
басталып, бұл тартыс монғол жаулап алушыларына қарсы халықтық-азаттық күреске ұласты.
Мұндай жағдайда Мауераннахрдың ірі феодалдары мен бай саудагерлері өз арасынан,
халықтың толқуын баса алатын, әрі мемлекетті нығайта алатын адамды іздей
бастады.